Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1991 жылдың 16 желтоқсаны біздің халқымыздың ғасырлар бойы армандап келген егемендігі және тәуелсіз мемлекет болу жолындағы тағдырлы күн ретінде тарихта мәңгі сақталады. Бұл күн бостандықтың, ұлттық бірліктің және елдің болашағы үшін жауапкершіліктің символына айналды.
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жанқиярлық күресі мен қаһармандық ерлігінің арқасында бізге берілген басты құндылық. Біздің қасиетті міндетіміз – өз өмірін туған жеріне, Отанына қызмет етуге арнаған ұлттық батырларымызды есімізде сақтап, олардың рухына тағзым ету. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, батылдығы қазіргі және болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге, моральдық нұсқаулық болып табылады.
Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы жолындағы көп ғасырлық тарихына сүйене және жалпыұлттық құндылықтар мен азаматтық келісімді нығайта отырып, біз Тәуелсіздік жетістіктерін арттыра түсудеміз. Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау біздің ортақ қасиетті міндетіміз болып қала береді.
Бүгінде Қазақстан терең саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жолымен сенімді түрде жүріп жатыр. Қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне қарамастан, халықтың бірлігі мен тұтастығының арқасында біз мемлекетті дамыту мен жаңғыртудың жаңа кезеңін аша отырып, ауқымды реформаларды дәйекті түрде іске асырып келеміз. Бұл жетістіктердің барлығы қазақстандық әрбір азаматтың еңбегінің, бастамаларының және жауапкершілігінің арқасында мүмкін болып отыр.
Бірлескен күш-жігермен біз елдің одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ететінімізге, оның экономикалық әлеуеті мен азаматтарымыздың әл-ауқатын нығайтатынымызға сенімдімін.
Қадірлі ақмолалықтар! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім және амандық тілеймін!
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!
Біздің қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Өңірдің депутаттық корпусы атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен қуатының нышаны. 16 желтоқсан өз өмірін елдің тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ұлттық батырларға деген тағзым күні. Олардың Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілігі қазіргі және болашақ ұрпаққа жарқын үлгі болып қала береді.
Тәуелсіздік алған уақыттан бері халқымыз Қазақстанның даңқты тарихын жаңа жетістіктермен, маңызды реформалармен және терең өзгерістермен лайықты жалғастырып келеді. Тәуелсіздік жылдары біз айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, әлемдік аренада өз орнымызды нығайттық.
Қазақстан бүгінгі күні де бейбітшіліктің, келісімнің және орнықты экономикалық дамудың символы болып отыр. Елімізде саяси және экономикалық реформалар, экономиканың негізгі салаларын жаңғырту үдерістері тұрақты түрде жалғасуда.
Жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізіп, ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда. Бұл бастамалардың әрқайсысының нәтижелі болуы аймақ тұрғындарының белсенділігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Құрметті жерлестер! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіл мен мәдениетіміз дамып, патриотизм нығая берсін, жас таланттарға әрдайым қолдау көрсетілсін. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен тұрақтылық, ынтымақ-береке тілеймін. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

