Жаңа жобалар қолға алынып, нәтижелері де көріне бастады

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы өзінің ел халқына Жолдауларында халықтың әл-ауқатын жақсартып, табысын арттыру үшін  Үкімет пен жергілікті атқарушы және өкілді органдарға айқын міндеттер қойып келеді. БіздіңАтбасарауданыдасол мақсат-міндеттерді орындау бағытында көзделген жобалар мен жоспарларды барынша жүзеге асыруда.  

Өткен жылы ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы бойынша оң серпін байқалды.

Агроөнеркәсіптік кешен аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Былтырғы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 77 миллиард теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 125 пайызды құрады.  Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі111,6 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Әртараптандыру аясында егістік алқаптары ұлғайтылды, майлы дақылдар аумағы 16,3 мың гектардан 36,6 мың гектарға дейін жетті, дәнді-бұршақ дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға ұлғайтылып, 11,9 мың гектарды құрады.

Аудан бойынша астықтың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерден айналып, бұл арғы жылғы деңгейден жоғары болды. Өнім көлемінің артуына минералды тыңайтқыштарды қолдану оң ықпал етті. Бұл тек өнімнің көлемін ғана көбейтіп қойған жоқ, оның сапалық көрсеткіштері де жақсарды. Биылғы бидайдың сапасы салыстырмалы түрде жақсы деп бағалануда, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру үшін өте маңызды.

Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығында «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлы-сүтфермасының құрылысы жүзеге асырылуда. Кәсіпорын Германиядан голштейн-фриз тұқымды 918 бас қашар сатып алуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 7,5 миллиард теңге.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қала жерлеріне түгендеу жұмыстары да жүргізілуде. Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуы тиіс деген болатын. Түгендеу қорытындысы бойынша осындай пайдаланылмай жатқан және тиімсіз пайдаланылатын жерлерді анықтаудамыз жәнебұл бізге өңірге жаңа инвесторларды тартуға мүмкіндік беруде.

Өткен жылдың 11 айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 миллиард теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 100,8 пайыздықұрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,8 пайыз. Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту және өнеркәсіпті жаңғырту мақсатында «Аждар и К» ЖШС компаниясы вагон-дөңгелектері шеберханасын ашты. Жобаға 200 миллион теңге инвестиция салынып, Қытай мен Ресейден заманауи станоктар мен жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде қосымша 10 жаңа жұмыс орны құрылды.

«ABB Construction»ЖШС-нің асфальт зауыты пайдалануға берілді. Жоба қуаттылығы сағатына 200 тонна өнім шығаруды көздейді, сонымен қатар, 42 жұмыс орны құрылды. Жобаның құны – 1,6 миллиард теңге.

Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестицияларкөлемі 22 миллиард теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 113 пайызды құрады. Сонымен қатар, инвесторларды тарту мақсатында бос жер учаскелері көрсетілген Атбасар ауданының инвестициялық картасы әзірленді.Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс, 2025 жылы жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге 16 инвестициялық жоба іске асырылып, 46 жұмыс орны ашылды.

Жергілікті бюджетке 5 миллиард 913 миллион теңге салық және  басқа да міндетті төлемдер түсті, бұл болжамды көрсеткіштің 107,6 пайызынқұрайды. Оның ішінде аудан бюджетіне 3,5миллиард теңгеден астам қаржы түсіп, жоспар 117,8 пайызға орындалды.

Аудан бюджетіне түсетін кірістердің асыра орындалуына байланысты, бюджеттің кіріс бөлігі 450 миллион теңгеге ұлғайды. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағытталды.

Атбасар ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауданның инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады.Жыл басынан бері ауданда 3,1 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,9 пайызға жоғары. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек аясында «Інжу» тұрғын үй кешенінен халықтың әлеуметтік осал топтарына 76 пәтер берілді.

Ауылдық жерлерді таза сумен қамтамасыз ету бағытында да бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, Родионовка және Калиновка ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Новосельское ауылындағы су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары мәресіне жетті. Борисовка, Самарка және Титовка ауылдарында заманауи кешенді блоктық-модульдер орнатылды.

Аудан тұрғындарын жылумен қамту да басты назарда. Бұл ретте, Атбасар қаласындағы жылу жүйесін реформалау басым бағыттардың бірі болып отыр. Президент биылғы Жолдауында айтып өткеніндей, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету бағытында шаралар қабылдап жатырмыз. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталығы Атбасар қаласының орталық қазандығын жаңартудамыз. Биыл да жалғасатын осы жобағабылтыр 4,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Жоба толық аяқталғанда қазандық қуаттылығы 30 Гкал/сағаттан 120 Гкал/сағатқа дейін, яғни, 4 есеге артады. Сондай-ақ, қалада 4,9 шақырымдық жылу желісі тартылуда, бұл бес бірдей 100 пәтерлі тұрғын үйді жылуға қосуға мүмкіндік береді. «Атбасар су» кәсіпорнына жаңа фронталды тиегіш, трактор, экскаватор және 2 қоқыс тасушы көлігі сатып алынды. Сондай-ақ, қала ішіндегі қосымша абоненттерді жылумен қамту үшін жаңа қазандық пен 22 қазандық қондырғысы алынды.

Қаланың Қошанбаев көшесі мен Құрманов-Есенберлин көшелерінің арасындағы өтпе жолға жаңа жарықшамдар орнатылды. Сонымен қатар, Мариновка ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша жобалау жұмыстары басталды. Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы аудан тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, ауданда жол жөндеу жұмыстарына басымдық берілген. Қала ішіндегі Бірлік, Железнодорожная көшелеріне орташа жөндеу жүргізіліп, 10 көшеге инертті материал төселді. Облыстық маңызы бар «Атбасар-Сочинское» және «Атбасар-Қима» бағыттарындағы жолдар қалпына келтірілуде. Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 6 көпқабатты үйге муралдар салынып, жаңа бағдаршамдар мен жарықшамдар орнатылды.

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық ерте басталып отыр. Ақмола облысы әкімінің қолдауымен Жабай өзенінің арнасын тереңдету және түзету бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. 8 шақырымнан астам арналар мен арықтар тазартылып, 5,8 мың метр қорғаныс үйінділері тұрғызылды. Өзен арнасын кеңейту үшін 30 мың тонна құм шығарылып, қажетті техникалық қор әзірленді.

Ауданда бюджеттің кіріс бөлігінің асыра орындалуы (5,9 миллиард теңге түсті) нәтижесінде қосымша 450 миллион теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталды.

Атбасар ауданында инфрақұрылымды дамытумен қатар, әлеуметтік нысандарды жаңарту, білім сапасын арттыру және медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы оң өзгерістер халықтың игілігіне айналып отыр.

Биыл ауданда ересектер мен балаларға арналған «Биомед» оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық отадан кейінгі және жарақат алған жандардың тезірек сауығуына, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, қыркүйек айынан бастап зейнеткерлердің мәдени, спорттық және шығармашылық өмірге белсене араласуына жағдай жасайтын «Белсенді ұзақ өмір» орталығы да өз жұмысын бастады.

Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын азайту мақсатында биыл ауданға жұмысқа 16 маман тартылды. Олардың қатарында жалпы практикалық дәрігерлермен бірге, эндокринолог, неонатолог, нейрохирург, травматолог және балалар хирургі сияқты тапшы мамандар бар. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 26 миллион теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. Инфрақұрылым бойыншаСергеевка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) құрылысы аяқталды, Новосельское ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа ФАП салынып жатыр, Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасының бас корпусына күрделі жөндеу жүргізілді, қазіргі таңда балалар бөлімін жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ауданның білім беру нысандарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Есенгелді және Тельман ауылдарындағы мектептерге, сондай-ақ, Атбасар қаласындағы №7 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Жалпы алғанда, 37 білім беру нысанына 334 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жасалды. Сонымен қатар, Атбасар қаласында 600 орындық жаңа мектеп салу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Жыл ішінде сол сияқты, Атбасар қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің жылу жүйесі жаңартылды. Тельман және Поповка ауылдарындағы Мәдениет үйлеріне 33 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін орталық алаңға үлкен LED-экран орнатылып, жылжымалы сахна сатып алынды.

Спорт саласын дамыту бағытында Атбасар қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына құжаттар дайындалуда. Бұл нысан болашақта аудан жастарының спортпен шұғылдануына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Бәріміз қимастықпен шығарыпсалған ескі жылда аудан бюджетінің кірісбөлігінің 450 миллион теңгегеасыра орындалуыәрине, өткен жылғы өңір дамуының жақсы бір нышаны ретінде бізді одан әрі де жаңа белестерге жігерлендіре түсері анық. Бұл қаражатты халықтың бірінші кезектегі мұқтаждықтарына бағыттап жатырмыз. Мұның өзі байқауымызша, ауданның тұрақты даму жолына түскенінің айқын көрсеткіші. Сол үрдіс ортақ күш-жігерімізбен алға да барынша жалғаса бермекші.

Кенеш ӘЛІМЖАНОВ,
Атбасар ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар