Жүрегі елім деп соққан еді!

АРҚАНЫҢ АРДАҚТЫСЫ

Ақмола өңірі сындарлы кезеңде талай ер-азаматтардың ерен еңбегін көріп, білді.  Соларды еске алатын болсақ, нағыз тарихи тұлғалар екеніне көзіміз жетеді.  Бұл орайда, ең бір қиын шақта Қазақстан үкіметінің басында болған Жұмабек Тәшеневті бірінші айту орынды болар.  

Бұдан кейін тың игеру дәуірі басталғанда ерен еңбегімен көзге түскен Әкпән Үкібаевты атаған жөн. Ол құрған шаруашылық артынан үлкен елді мекенге айналып, Әкпән Үкібаевтың ұйымдастыру қабілетін көрген ел оған ескерткіш пен мұражай ашқанын біреу білер, біреу білмес.

Әрі қарай да айтсақ, Есіл-Нұра бойында өскен небір азаматтарымыздың еліне елеулі, халқына қалаулы болғаны тарихи шындық. Олардың қатарына Аманжол Қалықовты, Зейнолла Шайдаровты, Ұзақбай Маминді,сондай-ақ, Қасым Тәукеновты алдымен қосар едік.

Қайриден Кәрібаев осы Ақмола облысының Астрахан ауданында туған болатын.Есейді ғержетті, оқыды! Солан кейінгі бар саналы ғұмыры өзңнңғ туған жері мен туған халқына қызмет етумен өтті.  Советтік дәуірдің перзенті болғаннан кейін, соған сәйкес түрлі қызметтік сатылардан өткен-ді. Сол сатылы да соқтықпалы өмиір жолын,да да, қызметтік жолында  да Қайриден ағамыз өзінің азаематтық, елдік ұстамынанғ адалдық жолынан айнымады.Әуелі«Жарсуат» совхозына директор болып тағайындалады дағ осы бір экономикасы шатқаяқтап тұрған шаруашылықты аз жылдың ішінде табысы мол озат шаруашылыққтың қатарына қосты.Қайриден Кәрібаев ағамыздың ұйымдастырушылық және іскерлік қабылеті жарқырап көрінді. Өз елінің ризашылығына бөленді, сенімге ие болоды.Сол кездегі сайланбалы жұмыс азаматтарды үнемі түрлі лауазымдарға ауыстырып отырғаны белгілі. Соның бірі – жұмысы алға басқан шаруашылықтың басшысына келесі кезеңде аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық партия комитетініңхатшысы сияқты қызметтер ұсынылатын еді.

Артта қалған бір шаруашылықты озаттар қатарына жеткізген Қайриден Кәрібайұлына үлкен сенім көрсетіліп, ол1972 жылы Астрахан аудандық партия комитетінің екінші хатшысына сайланды. Партиялық жұмыстың қыры мен сырын үйренді. Бірн ауданның экономикалық жағдайына ой бойлатып, бұл арада да Кәрібевтың шаруашылықтардың жағдайларын жақсарту және халқына қолайлы жағдай жасау жөніндегі бастамалары жүзеге асып жатты. Ол өзін нағыз іскер шаруақор адам, талантты басшы екендігін көрсете білді. Онда да көзге түсейін деген бақай есеп оймен емес, сол баяғы өзінің бойына біткен елге деген шынайы жанашырлығы маза бермегендіктен еді. Қайриден Кәрібаев арада бірнеше жыл өткеннен кейін Макин (қазіргі Бұланды) аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жоғарылатылды да, енді кеңес жұмысын меңгеруге кірісті.Бұл бір ісі мығым, қайраты тасыған қазақ азаматының тасы өрге домалаған кезі еді. Ол атқару комиетінің төрағасы ретінде өзін іскерлік пен азаматтықтың биігінен көрсете білді.

Кейін тың өлкесіне айналған бұл елдің жігіттері сырттан келген көп кадрлардан оқ бойы озық тұрса да, советтік жүйенің өз «таңдауы»бар-ды. Соған қарамастан, небір жауапты қызметтерде сыр бермеген өр мінезді, білімді де батыл азамат қай жерде болсын өз қабілет-қарымын жан-жақты көрсете білді. Соның арқасында Қайриден Кәрібаевқа жаңадан ашылған Теңіз ауданын басқаруға тура келді. Сөйтіп, қой шаруашылығы басым бұл жерде де көптеген түйінді мәселелерді шешті. Қой шаруашылығы күрделі сала болатын. Жұмысы жыл бойы бітпейді. Және де шығыны да көп болып жататын қой шаруашылығы саласын табысты салаға айналдыру тек осы Қайриден Кәрібаев сынды нағыз іскер басшының қолынан ғана келіп еді.

Ол сол кездегі облыс орталығы Целиноград (қазіргі Астана) қаласынан шалғай жатқан Теңіз ауданының тұрмыс-тіршілігіне көп оң өзгерістер енгізе білді. Аудан орталықтары мен шаруашылықтарда тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Халыққа қызмет көрсететін мекемелер салынды, олардың қызметтері жолға қойылды. Теңіздің ең бңр көркейіп, дами түскен кезеңі Қайриден Кәрібаевтың басшылық еткен кезі еді. Мұны осы өңірдің азаматтары әлі де айтып жүр.

Қашан болсын жұмысқа қабілетті азаматтың ел алдындағы беделі мейілінше үстем болары анық. Бұл жолы да  Қайриден Кәрібайұлы Ақмола өңірінің ең ірі де күрделі ауданы Атбасарға басшы болып тағайындалады. Көзі ашық адамдардың пайымдауынша, Атбасар облыс деңгейіндегі жоғарғы лауазымға тағайындалатындарға соңғы баспалдақ болып келген-ді. Атбасар ауданы Ақмола аймағындағы ең ірі өңір, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары аудан болғандықтан, оған барған басшылардың  жолы ашылатын. Атбасар кадрды сыну алаңы деген пікір де қалыптасқан-ды.

Кейін расында да, Атбасар аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығынан сүрінбей өткенҚайриден Кәрібаев 1989 жылы Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.

Талай бір ел билігінде жүріп, қызмет тағында отырып шыңдалған Қайриден Кәрібаев Қазақстанның ең бір ірі өңірі Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланғаннан кейін, қанаттанып, өзінің бойына біткен бар қасиетімен  қызмет жасады. Бұған дейін қызмет бабымен талай істің басы-қасында болған бұл кісінің мінез-құлқы, іс-әрекеті осы лауазымда да батыл әрі ширақ еді. Соның ішінде өзінің қазақи қырымен танылған десем, артық болмас. Әсіресе, елдің өткен-кеткенінен толық хабардар болатын. Бұл қазіргі жас басшыларға жетісе бермейтін қасиет. Әдетте, жұмыста қатал болып көрінетін жанның ішкі жан-дүниесі жайшылықта мейірім шуағын төгіп тұратын. Ол өзінің айналасындағы адамдарға аса бір мейіріммен қарайтын. Сондай-ақ өзінің халқының салты мен дәстүрін, тарихын ұлықтауға келгенде ағамыз бар қайратын жұмсап, өзі шынайы ұлт жанашыры есебінде танылып еді.

Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезде Қайриден ағамыз көптеген рухани, мәдени-қоғамдық жұмыстардың алдында жүрді.Соның бәріндебіліктілігі, биік өресімен көзге түскен асыл азаматтың ана тіліне, атасалт-дәстүрімізге беріктігін талай көрген едік. Кейде сол кездегі Қайриден Кәрібаев ағамыздың терең білімі мен біліктілігіне қайран қалатынбыз, сүйсінетінбіз! Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайы өткенде Қайриден Кәрібаевпен бірге біз де осы тарихи шараның басы-қасында жүру бақытына ие болдық. Сонда әр елден келген делегациялармен кездесіп, небір күрделі сауалдарға орнықты жауап бергенін көзіміз көрді. Ол өз ұлтының шынайы асыл туған азамыты еді!

Ағамыз құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін өзінің туған өңірі – Астрахан ауданында көпсалалы «Қыпшақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, егіншілікпен мал шаруашылығы салаларын қатар дамыта білді. Бұл кезең  кеңестік шаруашылықтардың ыдырап, ауылдарымыздың берекесі кете бастаған  шақ еді.Сондай бір аумалы-төкпелі шақта Қайриден ағамыз тағы да атқа қоныпғ өзінің туған ауылын тұралаудан аман алып қалды. Қажымай-талмай сол ауылына жаңа үйлер салды. Халқына жұмыс берді. Бұл ауыл өз кезінде үлгілі елді мекенге айналды.

Өмірді жанындай сүйіп, туған елі мен халқын аялап өткен, сол ел мен халықтың мүддесі үшін аянбай еңбек еткен Қавйриден Кәрібаевтың өмірі бүгінгі жіне келер ұрпаққа мәңгі өнеге болып қала берері анық. «Жақсының аты өлмейді» десек, Қайриден Кәрібаев сынды асқар таудай ағаның есімі де, еңбегі де  өзінің  туған халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.Көзі тірі болса, биыл 18 сәуірде 90 жасқа толар еді. Туған елі есіне алып жатыр!..

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

 Астана.

Ақмола облыстық  Кеңесінің төрағасы Қайриден Кәрібаев, Ресейдің Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Иманғали Тасмағанбетов (Алматы, 1993 жылдың қыркүйегі).

Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар