2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
- платформа қалай жұмыс істейді?
- зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай?
- инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады?
- басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек?
- өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады?
- салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар?
Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ, жеке кеңестер ала алады.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10.00, 12.00 және 15.00-де онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://bit.ly/akm0426 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2513 895 3532 және event-кеңестің құпия сөзін 1234 енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
![]()

