Көктемгі егіс – 2026
Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіп қызметкерлері тұқым себуде қызметкерлері жоспарланған көлемнің шамамен 80 пайызын орындап үлгерді. Бірқатар ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егін егу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, агротехникалық тиімді мерзімнің үдесінен шықты.
Олардың қатарында «Отрадное-Агро», «Пищепромторг», «Тың Дала», «Рассвет-М», «Жер-1», «Сельхозхимия» және «Дихан-4»диқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.
2026 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы шамамен 687 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 мың гектарға көп. Биылғы маусымда саладағы әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінді. Майлы дақылдардың егіс алаңы көбейтіліп, шамамен 16 мың гектарға жетті. Бүгінгі таңда аудан бойынша 58 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 451 шаруашылық егіншілік саласында жұмыс істейді.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жоспар бойынша шамамен 665 мың гектар егілуі керек болса, бүгінде ол 462 мың гектардан астам жерде егілді. Соның ішінде бидай 385 мың гектар, арпа 76 мың гектар жерге орналастырылды. Егіс науқанына мың трактор, 138 заманауи егіс кешені және 2,5 мыңдай сеялка қатыстырылуда.
Жүйелі жаңғыртудың бір мысалы – «Отрадное-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі. Кәсіпорын өз қаражатымен 10 жаңа «Кировец» тракторын сатып алды, олардың бірқатары заманауи егіс кешенімен жабдықталған. Механизаторлар үшін ыңғайлы еңбек жағдайлары жасалды. Кәсіпорын қызметкерлерді егіс алаңында ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін заманауи асхана жабдықтарын алды. Сонымен қатар, орақ науқанына дейін «Lovol» маркалы дән оратын комбайндардың паркын жаңартуды жоспарлап отыр. Өндірісті дамыту мен техникалық жабдықтау бойынша жалпы инвестиция көлемі шамамен 18 миллиард теңгені құрайды.
Аудан бойынша тұқым қоры да толық дайындалып, егісті жүргізу үшін 66 мың тонна тұқымы әзірленді. Бұл – қажеттіліктің 100 пайызы. Барлық тұқымдар егу стандарттарының бірінші және екінші класына сәйкес келеді.
Жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі де сәтті шешіліп, бір литр жағар майдың құны 281 теңгені құрады. Бұл нарық бағасынан шамамен 15 пайызға төмен.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Жыл басынан бері 17 жаңа техника лизинг арқылы сатып алынды, оның жалпы құны 1,3 миллиард теңге. Тағы шамамен 1 миллиард теңгеге техника рәсімдеу шешілу сатысында тұр.
– Ауданда көктемгі егіс науқаны ұйымдасқан түрде ширақ өтуде. Барлық негізгі ауыл шаруашылығы бірлестіктері қажетті техника, тұқым және жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілген. Егер ауа райы қолайлы болса, аудан аграршылары көктемгі дала жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды және күзде сапалы өнім алуды жоспарлап отыр, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Біржан Хасенов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.
![]()

