Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Имам қандай болуы керек?.. - АРҚА АЖАРЫ

Имам қандай болуы керек?..

Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» деген тақырыпта облыстың аудан, қалаларының имамдары және ауыл молдалары қатысқан алқалы жиын болып өтті. Форумда қазіргі имамның заманауи тұлғасын қалыптастыру мәселесі жан-жақты әңгіме болды.

Биылғы жылдың сәуір айында республикалық имамдар форумында арнайы тұғырнама қабылданған еді. Онда дін қызметкерлерінің біліктілігімен бірге, қоғам алдындағы беделін көтерудің де маңыздылығы айтылған болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз сөзінде имамның қызметі бес уақыт намазға жиналған жамағатқа имамдық етумен шектелмейтінін, басқа да діни қызметтерді ұйымдастыруда үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап көрсеткен еді. Форумға жиналған қауым алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкілі және облыстық орталық Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит сөз сөйлеп, қазіргі заманғы имамның бітімі мен болмысы қандай болуы керек деген сауал төңірегінде ой қозғады. Сонымен бірге, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл осы мәселеге арнап баяндама жасады. Ол бүгінгі имамның мінез-құлқы мен басқа да сипаттары жайында кеңінен баяндады. Имамның кішіпейіл, мейірімді, ізетті, сабырлы болуы керек екенін өмірден алынған мысалдармен, даналардан қалған ұлағатты сөздермен сипаттап берді. Бүгінгі ислам дінінің халық алдындағы беделі де имамдардың іс-әрекеті мен жұртшылықпен жылы қарым-қатынаста болуына байланысты екенін теріске шығара алмаймыз. Қазақ «жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығады» деп текке айтпағаны анық. Осы орайда, жамағатпен қоян-қолтық жұмыс істейтін имамдарға жүктелер міндет ауыр әрі жауапты.
«Халал стандарты» және «Зекет» қоры бойынша жауапты өкілдер Науан Мүтәлов пен Ерболат Шәріпов те қазіргі имамдардың қандай болуы қажеттігі жайындағы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Алқалы
жиында сондай-ақ, жаназа рәсімдерін бір жүйеге келтіру жөніндегі ардагерлер ұйымы мен мешіттің бастамасы жайлы да мәселе көтерілді. Еліміздің басқа да аймақтарындағы сияқты жаназада ысырапқа жол бермеу жайы біздің облысымызда да көтеріліп, жұртшылық тарапынан қолдау табуда.

Форумның соңында «Насихат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқаудың қорытындысы жария етілді. Арнайы комиссияның шешімімен Степногорск қалалық «Паң Нұрмағамбет» мешітінің бас имамы Алмас Әубәкіров «Жыл имамы» атанып, оған 300 мың теңге сыйақы сертификаты табыс етілді. Ал, «Насихат» қоғамдық бірлестігі «Асар» қорының қаржысына алынған шетелдік жеңіл автокөлікті Науан Хазірет мешітіне сыйға тартты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар