Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңілді сыр толғайды - АРҚА АЖАРЫ

Көңілді сыр толғайды

Әлденеше жыл Еңбекшілдер ауданында жемісті еңбек атқарып, елін, жерін, халқын сыйлап, әйкәпір атанбай зейнеткерлікке жетіп, сол ауданның құрметті азаматы атанғанымды үлкен мақтаныш тұтам.
Әлі күнге есімде жүретін бір жай, 1964 жылдың мамыр айының іші, біздің отбасымыз іңірлете көшіп келіп, ертеңіне ертелете есік алдына шыққан қарт анам жан-жағына қарап, терең тыныстап:
–Апырай, мынау жер не деген қасиетті, берекелі десейші. Жусан иісті, топырағы аса құнарлы екен. «Бұлақ басы» деген осы жер ме,– деді. Мен анамның сөзіне мән бере, иә апа, өте дұрыс айттыңыз, дәл осы жер Біржан салдың атасы Қожағұл бұлағы деген өңір, кезінде мың жарым жылқы біткен қасиетті жер ғой дедім.
Сол күндерден былай қарбалас қызмет атқарып жүрген кезімде бір сәт ел, жер, тарихын, Біржан сал өміріне байланыс-
ты әңгіме аңыздарды есімнен шығарған емеспін.
Біржан салдың аталары ХVІІІ ғасырдың соңына таман Қызылжарға қарасты Аққосақ болысындағы қалың керей ішінен көшіп келіп, осы араға рулас Ақсары ортасына орналасқан. Ол кезде бұл өңір қарағайлы «Бұзау төбе» аталған алқап екен. Бертістің бес баласы осы төбені алқалай қонып, жаз жайлауы Мамай көлі, түстігінде Жөкей көлі, табиғаттың нулы да сулы, бұраңдап аққан бұлақты, жер шұрайына кенелген. Міне осындай қасиетті жерде бала Біржанға әншілік, ақындық өнер бақыты қонып, еліне, айналасына белгілі бола бастайды да, өсе келе Арыстан, Орынбай, Нүркей, Шөже, Тоғжан сияқты ірі өнер иелеріне еріп, солардан үлгі-өнеге көріп үлкен ақындық жолына түседі.
Көп жылдар іргелес Сәуле ауылында бригадир болып еңбек майталманына айналған Біржанның аталас туысы, Шабдан Темірғалиевтің айтуынша, жаз айларында сол аймақта бір-біріне көршілес отырған Қонды, Қатық, Көшербай, Сейтен, Жабағы ауылдарына кешқұрым ән салған Біржанның дауысы еркін естіліп, мал сауған келіншектер, не жүріп келе жатқан адамдар тоқтап тыңдайды екен. Сонда шамасы 10-15 шақырым жерге дауысы еркін естілетін болған ғой.
Уақыт, заман өзгере бұл жер Степняк аталып, үлкен алтын кенішіне айналды және Еңбекшілдер ауданының әкімшілік орталығы болды. 1928 жылы құрылған Еңбекшілдер ауданы облысымыздың бұрын да, қазір де экономикасы әрдайым дамып келе жатқан аймағы. Бір кездері таза ауыл шаруашылығымен айналысса, қазір өнеркәсібі қатар дамыған, экономикасы тәуір өңір.
Ауданға таяуда қайталанбас өнер иесі Біржан салдың аты берілуі үлкен қуанышты жаңалық болды. Бұл
аудан жұртшылығының көптен айтып жүрген тілегі болатын. Ел тәуелсіздігінің арқасында, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа заманға аяқ басқан жаңару үрдісінің бір игілікті қадамы екені хақ.
Айдос ӘБУТӘЛІПҰЛЫ,
Біржан сал ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар