Бір ауыл баспаналы болды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Целиноград ауданының Қосшы ауылында қырық бес пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл жолы баспаналы болғандардың дені Шнет ауылының тұрғындары. Ұзақ жылдар бойы көктемгі су тасқынының зардабын шегіп келген аталмыш ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге біржолата қоныстандыру туралы шешім 2009 жылдың 2 маусымында Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткен кеңесте қабылданған болатын. Сол кезде, Астана қаласының басшылығына Шнет және Ағанас ауылдарының 70 отбасын қоныстандыру мәселесі ұсынылған еді. Осының нәтижесінде былтырғы жылы Ағанас ауылының тұрғындары Қосшы ауылында жаңадан салынған 45 пәтерлі үйге көшірілді. Енді осындай 45 пәтерлі тұрғын үйге Шнет ауылының тұрғындары да толық қоныстанып отыр. 2016 жылы құрылыс жұмыстары басталған бұл тұрғын үйді салуға облыстық әкімдік те қолдау білдірді. Нәтижесінде 375 миллион теңгеге «Интегра Строй Монтаж» серіктестігімен келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Малғаждар Тәткеев аталмыш тұрғын үйден отыз пәтердің кілтін көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шнет ауылынан көшірілген отбасыларға салтанатты түрде тапсырып, қуаныштарымен құттықтады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар