Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сананы өзгерту – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Сананы өзгерту – заман талабы

Ақмола жұртшылығы арасында да үлкен қызығушылық туғызып, қолдауға ие болған мақалада өткен тарихымыз бен қазіргі тәуелсіз елдің рухани жаңғырудағы басым бағыттары айқындалып отыр. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақта бірқатар шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаны іске асыруға зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, партиялар, кәсіподақтар, жастар жұмылдырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаның тізімімен бекітілген және оған қосымша 4 кіші бағдарламадан тұрады.
Олар: «Тәрбие және білім» (24 жоба), «Рухани қазына» (71 жоба), «Атамекен» (4 үлкен жоба), «Ақпарат толқыны» жобалары. Үстіміздегі жылы аталған бағыттар бойынша бірнеше шараларды атқарып үлгердік. Осы орайда, «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас туристердің облыстық слетін, «Алтын қазына» декоративтік және қолданабалы өнерден облыстық көрме-конкурсын, «Жалғыз болу міндет емес» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жобаларды ерекше атап өтуге болады. Әсіресе, селолық округтердегі кіші жобаларға назар аударылды. «Менің Отаным – Қазақстан» атты екінші облыстық туристік экспедиция ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар 22 мыңнан астам ақмолалықты қамтыды. «Саналы азамат» жобасы ішіндегі ең ірі жоба «Жастардың демалыс саябағы» жобасы аясында саябақтарды қайта жаңарту жұмыстары басталып кетті. Базалық бағыт «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» бағыты бойынша «Ақмола облысының кадастрлық тарихи-мәдени объектілерді және геоақпараттық картографиялық қамтамасыз ету» жобалары жүзеге асырылуда. 2017 жылға жобаланған жоспарлар толығымен жүзеге асты деуге әбден болады.
Жергілікті меценаттардың көмегімен сакральды сипаттағы нысан Уәлиханның мазарын жаңарту жұмыстары аяқталды. Облыстық өлкетану мұражайының экспонаттар қоры толықтырылып, ЗD форматына көшірілді. Арнайы «Сакральды география» жобасын іске асыру бойынша аймақтың сакральды жерлерінің альбомы шығарылды. «Қазақстанның 100 сакральды орындары» тізіміне біздің аймақтан 10 нысан енді. Солардың қатарында Ерейментау ауданындағы «Құмай» ескерткіші, Целиноград ауданындағы «Қабанбай батырдың» бейіт мазары, «Абылай ханның ордасы» да бар.
Сакральды орындардың энциклопедиясын шығару үшін 4 аймақ таңдап алынды. Бұл тізімге Астана және Алматы қалаларымен қатар, біздің облыс та бар. Бүгінде облысымыздың сакральды орындары жайлы мәліметтер жиналып, республикалық «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына жіберілді.
«Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бастамасымен «Қайырымды ел Ақмола» жобасы жүзеге асырылуда. 457 отбасына, 1336 мүгедек және қарт адамдарға, 565 сырқат балаларға материалдық көмек көрсетілді. Ендігі кезекте, «Атамекен» бағдарламасына кеңінен тоқталып өтсек, бұл жоба «Жомарт жүрек» және «Әлеуметтік бас-
тамалар картасы» секілді екі негізгі бағытты қамтиды. Соның біріншісі бизнес құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, еріктілерді ауылдарды көркейтуге атсалысуға шақыру, өз елді мекендерін дамытуға үлес қосып жүрген жомарт азаматтардың есімдерін халыққа паш ету болып табылады. Аталған бағыт бойынша облыста мәліметтер жиынтығы құрылып, оған 900-ден астам меценаттар мен қайырымды жандардың есімдері енгізілді. Соның ішінде тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысатын 69 мекеме бар. Ол мәліметтер жиынтығы үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, тоқсан сайын аймақтағы қайырымдылық істердің мониторингін жасайды.
Алдағы уақытта «Ақ Ниет – ізгілік шуағын төгейік» жобасын жүзеге асыру жоспарда бар. Аталған жоба шеңберінде еріктілер әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың балаларына көмек көрсетеді. Облыста демеушілер және меценаттарды тарту арқылы тарихи объектілерді жаңарту жұмыстары да алдағы уақыттың еншісінде. Ал, қазіргі таңда өңірімізде «Жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты сегіз инфрақұрылымдық жоба бастау алды. Осыған байланысты Жарқайың ауданында «Костычево» ЖШС халық шығармашылық мәдени орталығын қалпына келтірді.
Целиноград ауданына қарасты Зеленый Гай селосында «Родина» ЖШС өз қаржысына шығармашылық және демалыс үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атбасар ауданында «Шыңғыс-1» ЖШС және «Петров» ШҚ меценаттары, Бурабай ауданында «Ақ бидай-2020» ЖШС және Есіл ауданында кәсіпкерлер өз өңірлеріндегі мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға барын салып жатыр. Барлығы 57 жоба іске асты. Қазіргі таңда Президенттің «Болашаққа бағдар: рахани жаңғыру» мақаласын жан-жақты түсіндіру шаралары жүргізілуде. Осы іске арнайы сарапшылар, журналистер және блогерлер шақырылып семинарлар, кездесулер өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға азаматтық қоғам инс-
титуттарын жұмылдыру мәселесіне ерекше мән беріп отырмыз.
Біздің байтақ Отанымыздың өзіндік өзгешеліктері және құндылықтары тек өзімізге ғана тән. Бүгінгі күннің басты талабы – ұлттық кодымызды құратын құндылықтарымызды сақтау, дамыту және насихаттау екені баршамызға мәлім. Барлығымыз ел болып біріксек, алынбайтын қамал жоқ екенін ұмытпайық. Біз Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттердің орындалуына бар күш-жігерімізді аямаймыз.
Еркін ИСІМБАЕВ,
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық
өңірлік жобалық офисінің жетекшісі,
Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар