Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төл теңгені құрметтеу парыз - АРҚА АЖАРЫ

Төл теңгені құрметтеу парыз

Соңғы кездері байқап жүргенім, өзіміздің қыз-жігіттеріміз төл теңгеге деген қадір-құрметті ұмытып барады. Көшеде болсын, қоғамдық көлікте отырсын, 1 немесе 5 теңгелері түсіп қалса, мән бермегендей отыра береді. Осындайда осылар еңкейіп әлгі түсіріп алған ақшаларын алуға еріне ме екен деп ойлаймын. Бірақ, тиынның да киесі болады. Соны ұмытпайық…

Елтаңбаны сыйла…

Демалыс күні болатын. Орталық базардан керек-жарағымды алып, үйге қайту үшін аялдамаға келдім. Қоғамдық көлікке отырдым. Бір орыстың жігіті кондуктордың қайтарған ақшасының бір теңгесін жерге түсіріп алды. Және оны көтерместен, керісінше үстінен таптап өтіп, қажетті аялдамасынан түсіп қалды. Шыға беріске түскен Қазақстан Республикасының гербі бар ұлттық теңгемізді үлкен де, кіші де үстінен басып, бірінен соң бірі таптап жатыр. Сол төл ақшамызды басып жатқандардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де, «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен айналысып жүрген «ұлтжандылар» да болды. «Ұлттық құндылықтарды сақтаңдар», «рухани санамызды жаңғыртайық» деп ұрандап жүрген олардың бұл ісіне таң қалмасыңа болмайды.
Кондуктор ханым 1 теңгенің түсіп қалғанын көрсе де, тізе бүгіп көтермеді. Содан қуланып, менің тұратын жеріме бір аялдама қалған кезде орнымнан тұрып, байқамаған болып, қолымнан 100 теңгені түсіріп жібердім. 100 теңгенің түскен жерін кондуктор байқады. Аялдамадан түсер алдында әлгі ақшаларды көтере беріп едім, әлгі жүгіріп келіп, оны маған беріңіз деп қолымнан 100 теңгемді жұлып алардай болды. Мен 100 теңге мен 1 теңгенің Елтаңба салынған бетін көрсетіп, әлгіге «не көріп тұрсыз» дедім. Ол: «100 теңге мен 1 теңге» деді маған. Мен оған: «осы тиындардан нені көріп тұрсыз?» деп едім, бетіме адырайып бір қарап, «ақша» деді. Мен: «иә, сіз дұрыс айтасыз ақша, бірақ, бұл ақшаларда Қазақстанның Елтаңбасы бар, ал сіз осы мемлекеттік символдың үстінен ұялмастан бірнеше мәрте аяғыңызбен таптап өттіңіз. Ал, 100 теңге менікі, мен оны әдейі сіз не істер екен деп тастап жібердім. 1 теңге мен 100 теңгенің құнында айтарлықтай айырмашылық болғанымен, Елтаңбада ешқандай айырмашылық жоқ» деп түсіп кеттім. Осыны байқаған бір ағам маған келіп ризашылығын білдірді.

500 теңгенің киесі

Бірде жол жүріп келе жатып, «Вконтакте» желісіндегі өзімнің парақшама кірдім. Сонда отыратын жолдастарымның бірі 500 теңгеге аяқ киімін сүртіп жатқан жігіттің бейнеролигын салыпты. Әлгіні бірнеше қайтара қарадым. Өзінің көрілімі де 1 миллионнан асыпты. Астында неше түрлі комментарийлер бар. Үлкендер ақылдарын айтып, әлгі жігіттің ит терісін басына қаптапты, ал, қатарластары өз тойларында да 500 теңгемен аяқ киім сүртуді дәстүрге айналатындықтарын жазыпты.
Осы бейнероликты көргеніме біраз уақыт болып қалды. Ұмытып кетіппін. Жақында әлгі орыстың жігіті туралы фейсбукте бір оқиға оқыдым…
Орыстың жігіті мен оның әріптесі жұмыстан тым кеш шыққандықтан, көшеде такси тоқтатады. Екеуі әңгімелесіп отырып, бір-бірінің отбасылық жағдайын сұрайды. Қазақтың жігіті үйленгендеріне екі жылдай уақыт болса да, әлі күнге дейін бір сәбиді армандап жүргендерін айтып, бәрібір Құдайдан күдер үзбейтіндіктерін жеткізеді. Ал, әлгі екіншісі, орыстың жігіті әйелінің балалы болғысы келмейтінін, сол келіншегінің кесірінен не дұрыс туған-туыс, не жақсы дос-жаран қалмай, барлығы өздерінен теріс айналғанын айтып кейиді. Жақында екеуі жақсы танитын ортақ жолдастарының келіншегінің кесірінен өз өмірін қиғанын айтып, ауыр күрсініп, ойланып қалады.
Тыныштықты қазақ жігіті бұзып, «айтпақшы сенің тойыңды «ВК»-дан көрдім. 500 теңгемен аяқ киім сүртіпсің ғой, ол кімнің идеясы?» деп сұрайды. Сонда орыс жігіті «Иә, сонда масқара болғаным бар. Тойдан кейін жастар болып, өзімізше қыдырамыз деп рестораннан шығып, басқа дәмханаға бардық. Күз мезгілі болатын. Жаңбыр жауып, жер езіліп кетті. Содан аяқ киімім былғанып, сүртетін ештеңе таппадым. Қолымды қалтама салсам, 500 теңге жатыр екен, сонымен сүрте салдым. Соны көріп тұрған біреу телефонына жалма жан түсіріп жатқан, кейін әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Шынымды айтсам, өз ісіме қатты ұялдым. Бірақ, мен амалсыздан осылай жасап едім, кейін басқа тойларда күйеу жігіттер де осылай ақшамен аяқ киім сүртуді шығарыпты. Бірақ, ешқайсысынікі менікіндей шынайы шықпапты» деп күледі.
Сөйтіп, екеуі үйлеріне жетіп, көліктен түседі. Орыстың жігіті досына «шаршап кеттік қой, жүр ішелік» дейді. Қазақтың жігіті: «жоқ, досым рахмет, мені үйімде келіншегім күтіп отыр» деп, үйіне асығып кетіп қалады. Неге екені қайдам, орыс жігітінің бала сүйе алмай жүруінің себебі 500 теңгенің киесі ұрған болар деген ой келді маған. Ал, қазақ жігіті үйіне асығып кетті. Демек, келіншегі әлі-ақ жерік болады. Құдайдан күдерін үзбесін.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар