Кездесудегі жаңашылдықтың әсері мол болды

Өткен аптада мені 23 ақпан күні өткен облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуіне шақырды. Біз, еңбек ардагерлері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен мүдделілік таныта отырып, біздің аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайды ерекше назарда ұстаймыз. Елу жыл бойы мен өзімнің барлық білімімді, күш-жігерім мен тәжірибемді Ақмола облысының дамуына жұмсадым. Сондықтан, туған өлкемнің азаматы және патриоты тұрғысынан шын жүректен облысымызда болып жатқан процестер мен өзгерістер жөнінде өз көзқарасыммен бөлісіп, бағасын берсем деймін.

Міне, біздің облыс басшылығында ауыс-түйіс болғалы бір жылға жақындап қалды. Өмірден көрген-түйгені мол, білікті Сергей Витальевич Кулагиннің орнына жас, осы заманғы ойлау қабілетімен, жігерлі, креативтік болмыс-бітімімен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин келді.
Сөз жоқ, кездесуден біздің бәріміз қызғылықты баяндаманы күттік, жаңашылдықты көргіміз келді. Басында барлық қатысушыларда іштей «спич-мінбе қайда, президиум үстелі қайда?» деген сияқты сұрақтар туындады. Осы тектес кездесулердегі дәстүрлі атрибуттардың орнына сахнада лед-дисплей жарқырап жанып тұрды және блокнотқа немесе күн сайынғы жазу кітапшасына арналған журнал үстелі тұрды. Алдағы оқиғаның барлық ахуалы бізге осы заманғы уақыт талабына жауап беретін жаңа бір әрекетті көріп, тыңдайтындығымызды болжатқандай болды.
Сөйлейтін сөзінің басынан бастап Мәлік Кеңесбайұлының қолында тек планшетник, ал, артында үлкен экран болды. Мен мұндай сөз сөйлеулерді тек теледидардан интернет және компьютерлік жаңалықтардың тұсаукесерлерін немесе Билл Гейтс не Джек Ма сияқты қаржы институттарының жаңа өнімдерін көрсетіп жатқанда, мемлекеттік деңгейде көремін. Ал, халықпен пікірлесу барысында мұндайды ешқашан көрген жоқпыз, сондықтан, алда не болатыны бізді одан сайын қызықтырғаны анық. Аймақтағы болып жатқан өзгерістер туралы айта келе, біздің облыстың дамуына өздерінің үлестерін қосқан ардагерлер туралы ризашылық сезіммен еске алған әкімнің кіріспе сөзі де жүрекке жылы тиді.
Өз сөзінің әрбір бөлігін әкім құрғақ цифрлармен толтырған жоқ, оның орнына бүкіл залды облыста болып жатқан әлеуметтік-экономикалық оқиғалар мен процестерге экскурс жасатқандай болды. Экранда кестелер мен тізбелердің орнына көрсеткіштердің өскенін немесе позитивтік жағын белгілеген, пайыздық мәліметтерді келтірген әркімге түсінікті графикалар мен диаграммалар паш етілді.
Облыстың 2017 жылғы дамуы және ағымдағы жылға жоспарлар туралы естігенімді айтып жатпаймын. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарында бар. Дегенмен, баяндамадағы кейбір тұстар біздің көңіл бөлуімізге тұрарлық. Алдымен, жүзеге асырыла бастаған жобалар. Біздің облыстың туризм саласындағы әлеуеті 10 миллион адамды құрайтыны қуантады. Көкшетау қаласының курорт болып жариялануы, осыдан туатын барлық игіліктер сөз жоқ, облыс орталығын жаңарта түседі. Мені әсіресе, астаналық аймақ ретінде біздің облыстың азық-түлік белдеуі бағдарламасын табысты іске асырып келе жатқандығы қуантады. Есепті кезеңде Астанада 3 «AQMOL» дүкені ашылды, жоспарда оны он сауда нүктесіне жеткізу көзделген. Облыс әкімі М.К.Мырзалиннің аталған мәселеге үлкен мән беріп отырғандығын мақтанышпен айтуға болады. Өйткені, облыс пен Астана қаласының тұрғындарын азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етуге жауап берген бұрынғы басшылардың бірі ретінде өз басым үшін бұл шаралар өте-мөте маңызды.
Әкімдердің жыл сайынғы есеп беру кездесулерінде халықты оған қатысушылар өз сауалдарын қойып, аймақтардың басшылары соған жауап немесе түсініктеме беретін кездесудің екінші бөлігі көбірек қызықтырады. Дегенмен, өкінішке орай тұрғындардың бәрінің бірдей мұндай мүмкіндігі жоқ, сондықтан, көптеген сұрақтар жауапсыз қалады немесе уақыт өте келе өзінің өзектілігін жояды. Облыс әкімі ұсынған пікірлесудің жаңа формасы биліктің барлық тармақтарының жұмысы ашық және мөлдір болуы жөніндегі Президент сөздерін айғақтай түседі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, тиімді цифрландыру ұлттық экономиканың жедел дамуының және тұрғындардың өмір сапасының артуының негізгі факторы болып табылады. Бұл сөздер облыс әкімінің халықпен кездесуінде өзінің нақты көрінісін тапты. Осы заманғы көптеген байланыс түрлері іске қосылды, скайп бойынша аймақтардан бейне-қосылымдар қабылданды, тікелей телефон желілері жұмыс істеді, оларға әкім онлайн режимінде жауап берді. Залдың қабырғаларында іске асырылған жобалар көрсетілді.
Әрине, мұның бәрін мен өмірімде бірінші рет көрдім. Біз, ардагерлер осыны көріп, 21 ғасырдың талабына жауап беретін жаңа басқару моделін үлкен түсіністікпен қабыл алдық. Сондықтан, біздер бастаған іске көптеген жаңашылдықтар қосып жатқан басшылардың осы заманғы ұрпағына ризашылығымызды білдірсек артық емес.
Өзімнің үн қосуымда мен республика Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа біздің мемлекетті дамыту тұрғысында жүргізіп отырған ұлан-ғайыр жұмысы үшін зор алғысымды айтамын. Облыс әкімін тыңдай келе және кездесуде айтылғанның бәрін ой елегінен өткізе келе, біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген бағыттардың қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқанын және әркімнің сана-сезімінде қолдауға ие болып отырғанын жан жүрегімізбен терең сезіне түсудеміз.

Қымбат МҰСТАФИНА,
Көкшетау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері,
«Құрмет» орденінің иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар