Search Results for: Рухани жаңғыру

Бірлік – біздің қасиетті туымыз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты ассамблеяның былтыр өткен кезекті XXVI сессиясында: «Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде ол еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Әрдайым елдік істердің басында жүретін ассамблея менің іргелі бастамаларыма әр уақытта қолдау білдіріп, халқымызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», – деп атап өткен болатын. (далее…)
Read More

Астананы асқақтатқан ақиық жыр

Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Астананы асқақтатқан 20 жыл» тақырыбында облыстық ақындар мүшәйрасы болып өтті. Қазылар алқасының ұйғарымымен аталмыш жыр додасына үміткер 30-ға жуық ақынның өлеңдері алдын ала іріктеліп, тек қана 11 ақын ақтық сынға жолдама алды. Үміткерлердің арасында бүгінде есіміне ел қанық талантты ақындар мен өлең өлкесіне енді ғана қанат қағып, талпыныс танытып жүрген жас талапкерлер де бар. (далее…)
Read More

Әлем өркениетіндегі халықтық үлес

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы даланы мекендеген қазақ елінің, мәдениетінің 40 ғасырлық тарихы бар екендігін дәлелдейтін нақты тарихи ой-тұжырымдармен жан-жақты көрсетілген және халықтың көкейінен шыққан тарихи туынды болып отыр. Осы мақала арқылы даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын Елбасы тарихи деректермен, жетістіктермен нақты жеткізді. (далее…)
Read More

Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ұмтылу

Еліміз үшін рухани құбылысқа айналған бұл мәселе төңірегінде бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар мен пәрменді пікірлер жиі жарияланып жүр. Осы орайда, тіл маманы ретінде айтарым, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. (далее…)
Read More

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Достықтың, бейбітшілік пен түсіністіктің мерекесі әрқайсымыз үшін ерекше қымбат. Өйткені, біздің еліміздің табыстары мен жетістіктері көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асуда. (далее…)
Read More

Мен білетін Тыныштық аға

Жаттығы жоқ жақсылар-ай! Біз көрген, бізді өмірге жетелеген, жүрегімізде ұялаған сіздер де азайып барасыздар. Осы сөзім бір өзі Көкшетаудың ірісі де, серісі де бола алған Тыныштық ағама да қатысты. Алдымен, жаны жаз, көңілі төгілген саз еді. Егер музыкадан кәсіби білімі болғанында, еліне берері бергенінен де асып түсері ақиқат еді. Соның өзінде табиғи дарыны жарқырай көрініп, көпшілік көңілінен шыққан қаншама әннің авторы атанып үлгерді. (далее…)
Read More

Дін саласындағы мемлекеттік саясат

Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өмірінде маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. (далее…)
Read More

Жаһанданудың ендігі «тілі» – білім!

Өз тілі хақында бітпей жатқан әңгімесі мен бітпей жатқан шаруасы бар халықтың бірі біз болармыз бәлкім?! Дегенмен, қайыр-хош! Ел тәуелсіздігінің арқасында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне  ие болды. Сол мемлекеттік тілді дамытудың кешенді жобалары да бар. Әйтеуір, қасиетті ана тілімізді жойып алмай бүгінгі күнге жеткізгенімізге де шүкіршілік қыламыз. (далее…)
Read More

Әлеуметтік қызмет жақсарады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын одан әрі жетілдіру тұғырнамасын талқылау жөнінде брифинг өтті. (далее…)
Read More

Ұлыс оң болсын! Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті ақмолалықтар!Сіздерді көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – бұл көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. (далее…)
Read More