Адам өмірінің арашашысымыз

Елімізде құтқарушылар күнін атап өту дәстүрге айналған. Бұл күні қиын сәтте әрқашан көмекке келетін апатты жағдайдан қорғаушыларға марапат көрсетіледі.

Бұл жұмыс ақша үшін емес, адамдар үшін, атап айтқанда құтқарылған адамдардың көзінен қуаныштың реңін көру үшін атқарылады. Жедел ақпараттың күн сайынғы жинақтамасын оқып отырып, біздің өміріміз адамның өмірін жалмайтын күтпеген қайғылы жағдайға толы екенін аңғарамыз. Табиғат пен бізді қоршаған орта үйлесімді ұнатады. Дегенмен, біз барлық жерге үлгеруге ұмтылып, қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін елемейміз. Жедел көмектің «112» нөмірін тергенде бізге әрқашан өз ісінің шеберлері көмекке келетініне сенімдіміз. Алғашқы медициналық-санитарлық және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге рұқсат беретін лицензияны, сондай-ақ, апаттан құтқару және кейінге қалдыруға болмайтын жұмысты жүргізу куәлігін алғаннан бері Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқарушы отрядының құтқарушылары табиғаттың және техногендік мінезінің салдарын жоюға бірнеше мәрте қатысты.
Тек қана биылғы жылдың басында отрядтың құтқарушы бөлімшелері 222 апаттан құтқару, 22 суда іздеу-құтқару жұмысын жүргізу үшін жедел түрде 389 рет сапарға шықты. Оның 202-сі тұрмыстық жағдайдағы апаттық құтқару жұмысына жатады. Есіктері жабылып қалған 190 адамға (оның ішінде 66 балаға) қолұшын создық. 76 жапа шегушіге (оның ішінде 20 бала) алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Биылғы жыл қайғылы оқиғаларымен есте қалды. Туындаған төтенше жағдайлардан ешкім шет қалған жоқ. Үстіміздегі жылдың 21 шілдесінде жедел құтқарушы отрядтың құтқарушыларымен «Алтынтау Көкшетау» серіктестігінің кенішінде техногендік төтенше жағдай салдарын жою бойынша құтқару жұмысы жүргізілді.
Биылғы жылдың 25 шілдесінде болған оқиға адамның немқұрайлылығы мен өзін әдемі көрсетуге ұмтылуы, өзінің «сэлфи» фотосын жасауы қайғылы оқиғаға душар ететінін тағы бір дәлелдеді. Бұл оқиғада құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен Көкшетау тауының басынан құлаған адамға қолұшын созды. Оқиға орнына көтерілген құтқарушылар зардап шегушіні зембілмен таудан түсіріп, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды.
Сондай-ақ, биылғы жылдың суға шомылу маусымында облыстың су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша уақытында әрі сапалы өткізілген жедел шаралардың және алдын алу жұмысындағы жаңа әдістердің арқасында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда суда зардап шегушілердің санын екі есе азайтуға қол жеткізілді. Судағы өлімнен 112 адам (оның ішінде 21 бала) құтқарылды. Су айдындарының күзетілмейтін учаскелерінде және суда шомылу үшін жабдықталмаған орындарда 13 адам (оның ішінде 2 бала) суға кетті. Бұл күнде жедел құтқарушы отрядтың жеке құрамы кез келген төтенше жағдайда облыс тұрғындарына көмек көрсетуге әрқашан дайын деп сенімді түрде айта аламын. Төтенше жағдайды болдырмау үшін өзіңізге абай болып, қауіпсіздіктің тиісті ережесін сақтауыңыз қажет. Мұның бәрі біздің өмірімізбен тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Сөз соңында бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын. Дендерінің саулығын, отбастарының амандығын, еңбектерінің жемісін тілеймін!

Дәулет ШАМИҒАНОВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар