«Біз – қуаныштымыз!»

Егіндікөл ауданының ең шалғай елді мекендерінің бірі Қоржынкөл ауылындағы Днепропетров орта мектебінде Ақмарал Сахьяның еңбек етіп жүргеніне биыл үшінші жыл.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған соң ол «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша осы ауылға келіп жұмысқа орналасты. Жас ұстаз мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Сабақтан бос уақытында қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталған түрлі тақырыптық кештер, тағылымы мол танымдық мәдени шаралар ұйымдастырып отырады. Ақмарал Әділбекқызы өз шәкірттеріне егеменді еліміздің өткен тарихы, бүгіні мен болашағы туралы сыр шертіп, оларды отансүйгіштікке баулуды басты парызы санайды. Биылғы оқу жылында ол 11 сынып оқушыларының сынып жетекшісі болып жүр. Бұл ұл-қыздар жас мұғалімнің мектеп қабырғасынан түлеп ұшатын алғашқы шәкірттері болмақшы.
– Елбасының Жолдауын қызу қолдаймын. Әсірессе, Жолдауда «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленетініне барлық ұстаздар қауымы қуанып отырмыз, – дейді ауыл мұғалімі Ақмарал Әділбекқызы.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар