Ұлы Жеңіс жауынгері

Любовь Посохова

Бүгінде Степногорск қаласында Ұлы Отан соғысының көзі тірі сегіз ардагері тұрады. Солардың бірі және ең жасы үлкені – Любовь Федотовна Посохова. Ол 1920 жылы 15 қарашада Омбы облысының Шереметьевка ауылында дүниеге келген. Соғысқа 1941 жылы өз еркімен аттанған екен. Ол кезде жасы 21-де болған.
Кейіпкеріміз 1942 жылы Новосібірдегі байланыс училищесін бітіргеннен кейін үшінші Украина майданында 262-інші авиациялық дивизияның құрамында аға радист болып жаумен шайқасқан. Украина, Молдавия, Бессарабия, Румыния, Венгрия қалаларын жау құрсауынан азат етуге белсене араласқан. Өзінің майдандас достарымен бірге Сталинградты жаудан азат еткен.
Любовь Посохова елге соғыс аяқталғаннан кейін екі жылдан соң, яғни, 1947 жылы оралған екен. Көп жылдар бойы Кварцитка ауылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп, сол жерден құрметті зейнет демалысына шыққан. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 35 жылды құрайды.
Екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жасы 99-ға келген кейуана бүгінде Степногорск қаласында тұрады. Қалалық ардагерлер кеңесі, жергілікті әкімдік, басқа да мекемелер жыл сайын Жеңіс күні мерекесі қарсаңында қарияның көңілін көтеріп, хал-жағдайын біліп отырады. Балалары да ғасыр жасаған аналарын алақандарына салып, ақ сүтін ақтап келеді. Любовь Федотовна елімізде тыныштық, бейбітшілік болса екен, егемендігіміз мәңгі жасай берсе екен деп тілейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар