Әмір – озат оқушы

Биыл Әмір Пішенбаев Есіл орта мектебінің сегізінші сыныбын үздік аяқтап шықты. Ұстаздары да, замандастары да оны өте ақылды, зерек, ынталы оқушы ретінде таниды. Оның осы жақсы қасиеттері мен көшбасшылық қабілетін байқаған сыныптастары Әмірді мектеп президенті етіп сайлапты.
Оқуда озат, мектеп өмірінде белсенді оқушы өзіне жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде орындап шықты. Өткен оқу жылында жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектормен бірге сабақ үлгерімі төмендеу, тәртібі нашар оқушылармен жұмыс жүргізіп, мектепте өткен барлық іс-шараларға белсене араласқан.
Сонымен қатар, кейіпкеріміз өзінің сүйікті ісімен айналысуға да уақыт табады, оқудан бөлек, қосымша үйірмелерге де баруды ұмытпайды. Ментальды арифметиканы жақсы көреді. Өткен жылы осы пән бойынша онлайн режимде өткен республикалық чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 50-ден астам оқушының ішінде жеңімпаз атаныпты.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ,
фото автордікі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар