Теологтар теріс ағымдардан сақтандырады

Степногорск қаласында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі дінтану және құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде ислам дініндегі радикалды идеяларды ұстанушылармен жұмыс істейтін теологтар үшін «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту мен бейімдеудің теологиялық және психологиялық әдістері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында оңалту жұмыстарының әдістері қарастырылып, адамдардың дінтану саласындағы сауаттылығын арттыруға, деструктивті жалған діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту және қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Асқар Сабдин бүгінде қатерлі ағымдар санатындағы заманауи салафизм, зайырлы мемлекетте шамадан тыс теологиялану жайында жан-жақты айтып берді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб-имамы Қанат Алшынбаев ислам дінін ұстанбайтын мұсылмандармен қарым-қатынас және такфиризм мәселелері жөнінде әңгімеледі. Нұр-Сұлтан қаласының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» серіктестігінің психолог маманы Лимана Қойшиева діни ағымдардың тұлға санасына теріс ықпалы және психологиялық ұстанымдар туралы баяндады.
Семинар соңында теріс ағымдарға қатысты толымды ақпараттар беретін осындай шаралардың қажеттігі айтылып, оған қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар