Құрбан айт ұлықталды

Қасиетті Құрбан айтының алғашқы күні Тоқан хазірет мешітінің бас имамы Еркебұлан Исеновтың бастамасымен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға ден қойылды.

Барша жамағатпен оқылған дәстүрлі екі тәкбір айт намазын тәмамдаған соң спорттық ойын бағдарламасы жария етілді. Жанкүйерлер мен барша қауым ашық алаңда қазақ күресін қызыға тамашалады. Епті де білекті, жігерлі де жүректі ба-
уырларымыз 60, 90 және 90 келіден артық салмақ дәрежесінде тартымды да көрнекті бәсеке үлгісін көрсетті. Ақтық нәтижеде М.Мағұрыпов, А.Қуандықов үшінші, О.Еренғайыпов, А.Жұмабеков екінші, айналым жүйесіне негізделген жарыста Е.Ғаббасов, Ж.Сұлтан, Бекбол Нұрланұлы бірінші тұғырға көтерілді. Мүсілім Бәкешев, Рамиз Ганиев «Дала балуандары» аталымында ілтипатқа ілікті, С.Қанафин, А.Жұмабеков, Б.Мирхамидов күш-әлеует жаттығуында жеңімпаздар санатына енді. Ауданның бас имамы жүлдегерлердің бәріне медаль, естелік сыйлық, ақшалай жүлде тарту етті. Қаламыздың кәсіпкер азаматтары ата-әжесімен, әке-шешесімен бірге еріп келген кішкентайлардың бәріне тегін балмұздақ үлестірді.
Бұл күні арнайы құрбанға шалынған мал етінің бір бөлігі тұрғындардың өз жүрек қалауымен Имандылық үйіне өткізілді. Ол тиісті тізім бойынша көмекке мұқтаж елу отбасына таратылды.
Барша халық тамыздағы ауа райының жағдайына қарай, Ғибадат ордасының өз ауласында арнайы жабдықталған киіз үйден шай мәзірінен дәм татты, ақсақалдар ризалық ниетпен бата қайырды.
Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар