Не? Қайда? Қашан? зияткерлік ойыны

  Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музыкасыз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. Осыған байланысты, Орталығымызға жиналған қатысушыларымыздың шығармашылық, танымдық, зияткерлік қабілеттерін арттыру мақсатында ауысым сайын әртүрлі ойындар өткізіледі.
Солардың бірі ретінде 2019 жылдың 8- қазан күні «Балдәурен» РОСО-да «Аталар сөзі- ақылдың көзі» жас тарихшылар мен географтардың республикалық кездесуі атты 13 ауысымның бағдарламасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты білім сынауға негізделген зияткерлік ойыны өткізілді. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойында негізінен Еліміздің тарихы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылды.
Білімді мыңды жығады. Десек те, білгірлер бәйгесінде бақ сынауда ойыншыларымыз осал еместігін байқатып, «Білгірлер үкісіне» ие болды.
Аталмыш зияткерлік ойын өте қызықты әрі тартымды өтті.

Сәрсенбаева Динара Жанатқызы,
«Балдәурен» РОСО
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар