Үш тұғырлы тіл –ұлттың келешегі

Тұңғыш Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.

Осыған орай, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2019 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша 15 қараша – 4 желтоқсан аралығында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты жас лингвисттердің республикалық кездесуі өтуде.

Еліміздің 17 өңірінен жиналған барлық балалармен кеше ауысымның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Аталған іс-шарада әр өңірдің өнерлі балалары сахналық қойылымда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеп, өз өнерлерін дүйім жұртқа паш етті.

Ауысымның ашылу салтанатында бас директордың ОТЖ орынбасары Ж.Қ.Әмірғалиев Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат екенін және бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгеруге жан-жақты жол ашылғанын айта отырып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған балдәурендіктерді ауысымның ашылуымен құттықтады.

«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы -Ерденова Айнур Жетпісбайқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар