Әлеуметтік салаға қосымша 17 миллиард теңге қаржы бөлінді

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережелеріне енгізілген өзгерістер жайлы айтып, облыста әлеуметтік саланы жандандыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы да ақпарат берді.

2020 жылдан қаңтар айынан бастап облыс бойынша 15 мыңнан астам педагогтың еңбекақысы 25, 1600 дәрігердің еңбекақысы 30, 5800 орта медицина қызметкерлерінің еңбекақылары 20, 1400 әлеуметтік қызметкердің, 1800-ге жуық мәдениет, архив қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Сөйтіп, әлеуметтік және бюджеттік салада еңбек ететін 25 мыңнан астам адам қамтылып отыр.
Бұл мақсатқа 17 миллиард теңге қосымша қаражат бөлінді.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап облыста 7514 көп балалы отбасына дифференцияланған мөлшерде отбасының кірісіне қарамастан 42 500 теңгеден 73370 теңгеге дейін мемлекеттік жәрдемақы төлеу басталды.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында халықтың әл-ауқатын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды басты міндет етіп қойғанын, осы бастамаларды жүзеге асыру үшін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанын айтып, биылдан бастап ұстаздар мен дәрігерлердің, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақылары өскенін атап өтті.
–Жаңа жылдан бастап облыста 15 мыңнан астам педагогтың еңбекақысы 25 пайызға, 1600 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 5800 орта медицина қызметкерлерінің еңбекақылары 20 пайызға және 1400 әлеуметтік қызметкердің, 1800-ге жуық мәдениет, архив қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Осының барлығы әлеуметтік және бюджеттік салада еңбек ететін 25 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұл мақсатта 17 миллиард теңге қосымша қаражат бөлінді. Өздеріңізге белгілі, жыл сайын облыстық бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады, – дей келе, Қанат Ыдырысов міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, білім мен ғылымды дамыту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жайлы да тоқталып өтті. Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап облыста 7514 көп балалы отбасына дифференцияланған мөлшерде отбасының кірісіне қарамастан 42 500 теңгеден 73370 теңгеге дейін мемлекеттік жәрдемақы төлеу басталғанын жеткізді.
Биылдан бастап енгізілген әлеуметтік көмектің бұл жаңа форматы жөнінде толығырақ облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова айтып берді.
–Әлеуметтік көмектің жаңа форматы үш бағыттан тұрады. Біріншісі төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 10 504 теңге болған еді. Ал, биылдан бастап жәрдемақы мөлшері 4-тен 7 есеге дейін ұлғайып отыр. Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек беру тетігі өзгертілді. Атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейшіліктің ең төменгі шебінен аз отбасыларға ғана беріледі. Бұл да уақытша екенін ескеру қажет. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтарға көмектесу, еңбекке ынталандыру. Егер, ондай азаматтар әлеуметтік сала мамандары ұсынған көмектен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Үшінші бағытқа сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік пакеттер таратылады. Азық-түлік пакеттерін отбасылар ай сайын, гигиеналық құралдар салынған пакетті тоқсанда бір рет алып тұрады, – деді басқарма басшысы. Брифингте журналистер облыс әкімінің орынбасарына және басқарма басшысына толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар