Шығармашылық бағыттағы ізденіс

Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің жаңа корпусында өткен шығармашылық пәндер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы «Педагогтардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға» арналды.

Онда облысымыздың «Өнер және мәдениет» бейінінің оқытушыларына өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді. Отырысқа төрайымдық еткен облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Сәуле Сералина және аталмыш колледждің директоры Құралай Ыдырысова құттықтау сөз сөйледі.
Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) беру ұйымдарында шығармашылық бағыттағы жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі, сондай-ақ WorldSkills стандарттары және шығармашылық мамандықтардың білім беру үрдісіндегі жаңа әдістемелік тәсілдер мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, фокус-топ жұмысында қатысушылар туындаған мәселелерді талқылап, колледж оқытушыларының шеберлік сыныптарын тамашалады. Оған қоса, қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар