Мұқағали – мәңгіліктің ақыны

Аудандық әкімдіктің тілдерді оқыту орталығында «Мұқағали Мақатаев – ақын, жазушы, аудармашы» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

Орталықтың мұғалімі Майра Мұқанқызының жетекшілігімен өткен ашық сабақта ақиық ақын туралы қысқаша хабарлама жасалып, М.Мақатаевтың өлеңдерінен табиғат пен адамдар арасындағы үйлесімділікті анық байқауға болатыны айтылды. Сондай-ақ, шынайы шабыттан, ақ тілектен туған, мәңгілік мәнін жоғалтпайтын туындылар ақын шығармашылығында көп екендігі де назардан тыс қалған жоқ.
Іс-шара барысында М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері оқылды. Оған қоса, ақын өмірінен слайдтар жасалып, тыңдаушыларға ұсынылды. Өз кезегінде іс-шараға қатысқан тыңдармандар да Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара ақиық ақын Мұқағали өлеңдерінің ұрпағымен мәңгі жасай беретінін көрсетті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар