Балалары аулада ойнаса, ата-анасы жауапқа тартылады

Қазіргі төтенше жағдайға байланысты оқушылардың демалысы мен бос уақыты қауіпсіздік ережелеріне сай ұйымдастырылуы тиіс. Баланы қоғамдық орындардан оқшаулауға ата-аналар жауапты. Алайда, көп қабатты тұрғын үйлердің кейбір жеткіншектері демалыс уақытын ауладағы ойын алаңдарында өткізуде. Бұл қауіпсіздік талаптарына қайшы. Осы орайда, тәртіп сақшылары жас буынның көше кезіп, ойын қуғанына тыйым салу мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастыруда.

Коронавирустың таралуына байланысты уақытты үйде оқшауланып өткізу – қоғамдық жауапкершілік көрінісі. Алайда, мектеп пен балабақша тәлімгерлерін онлайннан гөрі ауладағы ойын еліктіріп әкететіні белгілі. Облыстық эпидемиология мамандары көп қабатты тұрғын үй аулаларын уақытша жабу туралы шешім шығарды.
–Ата-аналарға сақтық шараларын ескерткім келеді. Қазір балалар мектеп пен балабақшаларға бармайды. Бірақ, олар көбінесе аулада, көшеде уақыт өткізуде. Бұған жол беруге болмайды. Себебі, коронавируспен күрестің тиімді  тәсілі – қоғамдық орындарға бармау, өз-өзін оқшаулау. Алайда, көптеген ата-аналар бұл ескертуге немқұрайлы қарап отыр, – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина.
Ойын жасындағы жеткіншектерді бақылаусыз қалдырған  ата-аналар «Төтенше жағдай туралы» заң бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Төтенше жағдай талаптарына сай жасөспірімдердің бос уақытын аулада, ойын алаңдарында өткізуіне рұқсат етілмейді. Облыс аумағында мың жарымға тарта ойын алаңдары, көпқабатты тұрғын үй  аулалары бар. Олардың барлығына рейд жүргізіледі. Ата-аналарға төтенше жағдай талаптарын бұзу әкімшілік, тіпті, қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін екенін ескерткім келеді, – дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руслан Мұсаев.
Қазір төтенше жағдай талаптарын бұзған онға жуық ақмолалық жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында жасөспірімдер мен ата-аналар жоқ. Жергілікті полиция өкілдері өңір тұрғындарынан балалардың бос уақытын тиімді өткізуді, аулалар мен ойын алаңдарына жібермеуді сұрайды. Тәртіпке бағынбаған болса, заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар