Еңбегімен еңселі

Тәлімгердің өнегесі

Көкшетауда полиэтилен құбырларын шығарумен танымал «Тыныс» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Қазір «Тыныс» АҚ авиациялық өнімдерді, өрт сөндіру құралдарын, газ клапандарын, медициналық жабдықтарды, полиэтилен құбырларын, салмақ өлшейтін құралдарды басқа да тұрмысқа қажетті заттарды шығарады. Зауыт Ресей Федерациясына, Өзбекстан және Украина сияқты елдерге өз өнімдерін шығарады. Зауыт директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері мен қызметкерлердің әлеуеті оларға жаңа бағыттарды игеруге және нарық қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өндірістік қуаттылықты арттырып, өнім түрлерін көбейтуді жалғастыруда. Оның бәрі қарапайым еңбек адамдары қолыменен құрастырылады деді
зауыт басшысы. Сондай еңбеккерлердің бірі Сабыржан Ғайсенов 38 жыл бойы cлесарь-бұрғылаушы болып тапжылмастан еңбек етіп келеді. Өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Сабыржан ағамыз бүгінгі күнде зейнет жасында болса да, жұмыстан қол үзген емес, ол тек өз ісімен айналысып қоймай, зауытқа келіп жатқан жас мамандарға өзінің көп жылдан бері жинақтаған тәжірбиесін үйретуден жалыққан емес дейді кәсіпорынның басшысы.

Суретте: Слесарь-бұрғылаушы
Сабыржан Ғайсенов.
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар