Білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау өткізу

Ақмола облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу. Профилактикалық бақылау өткізудің мақсаты білім саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзушылықтарға жол бермеу, профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды білім беру ұйымдарына өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Бару арқылы профилактикалық бақылау өткізудің негізгі құралы ұлттық бірыңғай деректер базасы арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу.
Білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары арқылы анықталады. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарының өрескел бұзушылықтарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы, жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы, лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы бастауыш білім беру үшін мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25 пайыз, негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 пайыз, мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарынсыз келесі сыныпқа көшірілмеген 1-сынып оқушысының болуы, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушылардың болуы жататындығы анықталған.
2020 жылдың 1 жартыжылдығында облыс өңірінде 15 білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу жоспарланған. Бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу барысында анықталып отырған негізгі мәселеге ауылдық жердегі шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің оқытатын пәніне арнайы білімінің деңгейінің сәйкес келмеуі, дипломда көрсетілген біліктіліктеріне сәйкес сабақ бермеуі, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру курсынан бес жылда кемiнде бiр рет курстан өтпеу жағдайларын, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуін жатқызуға болады.
Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің нәтижесінде бұзушылықтар болған жағдайда департамент тарапынан мерзімі көрсетіліп, нұсқама беріледі.
Департамент нұсқамасында көрсетілген бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабының 3 бөлімі бойынша хаттама жасалып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалады.
Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сонымен қатар, жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде бермеу білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болады.
Анар ЖАНӘДІЛ,
Ақмола облысының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар