Жаңа дағды әрі тың мүмкіндік

Жалпы, қашықтан оқу бұл бұрыннан бар. Осыған дейін біраз жоғары оқу орындарының студенттері солай дәріс алып келді. Ал, орта мектептерге бұған дейін қажеттік болған жоқ. Төтенше жағдайға байланысты мәжбүрліктен оқуға көшіп отырмыз. Бастапқыда қашықтан оқытудың не екенін түсінбей оны онлайн оқу деп жүргендер болды. Ал, телеарна бәріне қолжетімді. Сондықтан телеарнаны пайдалану тиімді, Меніңше, осындай жағдайда кері тартпай, қолда қандай мүмкіндік бар, соны іске асыру қажет. Тіпті, кейбіреулер оқушылар жазда оқысын деген болатын. Бұл дұрыс емес.
Ал, Ақкөл орта мектебіне келетін болсам, мұнда мұғалімдердің қазіргі замаңғы технология бойынша жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Мұғалімдер де қашықтан оқытуды бірден игеріп кетті. Өзім география сабағында қашықтан оқыту қолжетімді әдістерін барынша қолдануға тырысамын. Электрондық журналдар мен күнделіктерді, басқа да қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты оқушылар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткіземін. Сабақ жоспарын және оқу материалдарын құрылымдауды уақтылы жүзеге асырамын.
Жалпы, білім саласы үшін Bilimland, «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамалары тегін түрде тиісті жағдай жасауда. Сонымен қатар, «Балапан», «Ел арна» арқылы өткізілетін сабақтар Youtube каналдарында, сайттарында қолжетімді. Цифрлық ресурстарға қарасақ, бүгінгі 1 миллион оқушы осы жүйелерді пайдаланып отыр. Бұл ретте өте белсенді пайдаланып отырғанын айтуға болады.
Телеформаттан кейін әр мұғалім өзінің оқушыларына тапсырмалар береді. Теледидардан сабақты көргеннен кейін, оқушы үшін тақырып аяқталмайды. Оқушылар тапсырманы түсінгендігі жайында, орындаған тапсырмалары бойынша кері байланыс арқылы мұғалімін хабардар етеді. Сәйкесінше, 40 минутқа татитын сабақ өткізілгенмен тең болады. Қашықтан оқытуға қатысты ата-аналар тарапынан алаңдаушылық туындап отырғаны да түсінікті, өйткені олар білім сапасы төмендеп кетеді деп қорқады. Дегенмен де бұл жаңа тәжірибе, жаңа дағды әрі тың мүмкіндік екеніне назар аудару керек.
Аягөз ҚАПАРОВА,
Ақкөл орта мектебі география пәнінің мұғалімі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар