Жұмахан жедел жетеді

Аршалы аудандық орталық ауруханасының жүргізушісі Жұмахан Зейнолда жуырда жаңа «Жедел жәрдем» автокөлігінің тізгінін ұстады.

Қазіргі заман талабына сай жарақталған «Жедел жәрдем» көлігінде науқастарға жедел көмек көрсетуге арналған барлық жай қарастырылған.
Жұмахан Зейнолда жүргізуші болып отыз жылдан астам уақыт еңбек етсе, соның жиырма жылында осы ауруханада табан аудармай жұмыс істеп келеді. Өз ісін жақсы білетін ол күн-түн демей, уақытпен санаспай еңбек етіп келеді. Әсіресе, карантин енгізілген соңғы айларда жұмыс күрт көбейді. Жаны қысылған науқастарға көп жағдайда «Жедел жәрдемнің» жедел жетуі үлкен көмегін тигізіп жатады. Осыны білетін ол автокөлігін әрдайым шақыруларға сақадай сай ұстайды.
Қ. КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Суретті түсірген Советбек Мағзұмов.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар