Ардагерлердің алғысын арқалаған азамат

Менің бүгінгі кейіпкерім зейнет жасына дейін өзінің бүкіл еңбек жолын ауыл шаруашылығына арнаған, бүгінде Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесінің белді мүшесі, кейінгі 12 жыл қатарынан қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып отырған Есболат Қасымұлы Дүйсенов жайлы болмақ. 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай, Елордадағы қалалық ардагерлер Кеңесінен телефон шалып, кітап шығарсақ қайтеді деп маған осы кісі хабарласты. Біраз құжаттар ды дайындап та қойыпты. Таныстығымыз Есболат мырзамен осылай басталған еді.

Есболат Дүйсеновтың анасы Ұмсын апа жоғары білімі болмаса да, кішкентай балаларының тәртібі мен оларды еңбекке баулуға ерекше көңіл бөліпті. Бұл орайда айтайын дегенім, ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деген екен. Яғни тәрбиесіз берілген білімнің пайдасы жоқ дегенді айтады. Есболат Қасымұлымен алғашқы әңгімеміз осы тәрбие мәселесі жайында болды. Есболат Дүйсеновтың анасы Ұмсын апа жоғары білімі болмаса да, кішкентай балаларының тәртібі мен оларды еңбекке баулуға ерекше көңіл бөліпті. Бұл орайда айтайын дегенім, ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деген екен. Яғни тәрбиесіз берілген білімнің пайдасы жоқ дегенді айтады. Есболат Қасымұлымен алғашқы әңгімеміз осы тәрбие мәселесі жайында болды. –Ұмсын анаңыз ғұлама ғалым болмаса да бала тәрбиелеудің жолын жақсы білген екен. Шын мәнісінде біздің оқымаған қараңғы ата-аналарымыз данышпан болған екен ғой. Баланы жас кезінен бастап тәрбиелеген. Ал, енді анаңыз жайлы не айтар едіңіз, – дедім ол кісіге.–Иә, Ұмсын анамның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Тағдыр тауқыметін көрген нағыз батыр ана дер едім. Алты баламен әкемізден ерте қалып, жесір атанды. Колхозда таңның атысы, түннің қараңғысына дейін тапжылмастан еңбек етті. Сонда мен әкемнен қалғанда бар-жоғы сегіз айлық бала екенмін. Өзіңіз айтқандай, алдымен балаға тәрбие беріп, оның тұрмыс жағдайын жасау керек. Менің анам өз тәжірибесі арқылы бізді жақсы тәрбиелеп өсіргеннен болар, осы анамыздың берген ақыл-кеңесінен үйдегі балалар бір-бірімізге қамқор болып өстік. Ол осы алты баланың тәртібі мен бізді еңбекке баулуға ерекше көңіл бөлді. Бірақ, анамыздың өмірі ұзаққа созылмады, мен алтыншы сыныпта оқып жүргенде қатты ауырып қайтыс болды. Сонда жанұямыздағы үлкеніміз, жасы жиырмадан жаңа ғана асқан Жанболат ағамыз өзінен кейінгі бес балаға қамқор болып, бар жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол он жылдықты өте жақсы бітірсе де, жоғары оқу орнына түсемін деген арманы орындалмай, әрі бізді тастап кете алмай, ауылда қалып жұмысқа орналасты. Өмір бойы механизатор болып жұмыс атқарды. Жылдар өте апаларым тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды, кейін олар да маған көмектесті,–деп өткен жылдардағы балалық шақтағы өмір жолын Есболат Қасымұлы толғана отырып еске алды. Есболат Дүйсенов онжылдық мектепті 1963 жылы бітіріп шығады. Ол жылдары Қазақстанда комсомол-жастар бригадасының дүрілдеп тұрған кезі. Мектепті жаңа ғана бітірген 9 ұл мен 4 қыз бала ойланбастан, бірден Ақмола облысы Қорғалжын ауданы «Аршаты» совхозындағы комсомол-жастар бригадасына жолдамамен қой бағуға барады. Содан екі жыл өткеннен кейін Есболат Қасымұлы сол кездегі Целиноград ауыл шаруашылығы институтының зоотехникалық факультетіне оқуға түседі де, 1970 жылы оны ойдағыдай аяқтап шығады.Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Заветы Ильича» совхозында бөлімше зоотехнигі болып жұмысқа орналасады. Ал, 1970 жылдың күзінде Бұланды ауданының «Амангелді» арнайы мамандандырылған мал бордақылау шаруашылығының бас зоотехнигі болып қызметке тағайындалады. Бір жылдан кейін осы шаруашылықта директордың бірінші орынбасары қызметіне көтеріледі.Есболат Қасымұлының жұмысты ұйымдастыру қабілеті әрі халықпен тығыз байланыс жасай білуі және қызметтегі ойлап тапқан тың тәсілдері, өндіріске жаңа технологияларды енгізу жұмыстары, шаруашылықтың экономикасының көтерілуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, жалпы, Ақмола облысының алдыңғы қатарлы шаруашылық болуына көп әсер етеді. Есболат Дүйсенов басқарған шаруашылық сол жылдары 25 000 гектар егін егіп, он мың ірі қара мал ұстап, үкіметке 20 000 тонна бидай, 5000 тонна ет тапсырып, көптің алды болып, өзгелерге үлгі-өнеге көрсеткен еді. Иә, бұл бүгінде тарих қойнауына енген тамаша жаңалық дер едім. Есболат Қасымұлының бұл іскерлігі мен тапқырлығын, әрі оның ұйымдастыру қабілетінің ерекшелігін аудан, облыс басшылары бірден аңғарады. Содан 1976 жылы оны аудандық партия комитетінің қаулысымен алты айлық директорлық курсқа да жібереді. Ал, 1979 жылы Ақмола облысында Сілеті ауданы ашылып, облыстың ұйғарымымен тәжірибе жинақтаған маман ретінде оны осы ауданға бас зоотехник қызметіне тағайындайды. Ауданның жаңадан ашылған кезі, шаруашылықтары артта қалған, жері құнарсыз, әрі тастақ, айналасында ағаш жоқтың қасы, мал шаруашылығы мүлдем дамымаған және ірі қара малдары туберкулез, бруцеллез ауруларына шалдыққан екен. Оның үстіне бұл шаруашылықта жұмыс қолы да жетіспейтін.Бірақ, Есболат Дүйсенов көңілі қаламайтын жерге бармаймын деп айта алмайды. Ол кезде партияның айтқаны болатын, бармауға дәрмен жоқ, әрине, оған табиғаты тамаша, жері құнарлы, қалыптасқан шаруашылықты тас-тап кету өте қиын болды. Дегенмен, амал жоқ, бұйрыққа бағыну керек. Сол барғаннан 1979 жылдан 1997 жылға дейін 18 жыл қатарынан осы ауданның ауыл шаруашылығы басқармасында қызмет істейді. 1979 жылдан 1981 жылға дейін ауданның бас зоотехнигі, 1981-1990 жылдары ауданның ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары, 1990-1997 жылға дейін аудандық ауыл шаруашылығының басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. Дегенмен, алынбайтын қамал жоқ екен. Арнайы мамандардың, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында сол жылдары аудандық ауыл шаруашылығының көрсеткіштері айтарлықтай өседі. Халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсарады. Сілеті ауданының барлық шаруашылықтары туберкулез бен бруцеллез малдардан құтылып, жаңа фермалар салынып, сауықтырылады. Мал басы көбейеді. Ауыл шаруашылығы өнімдері – бидай, сүт, ет, қойдың жүнінен берген тапсырмалар артығымен орындалады. Міне, осы жұмыстың табысты жүруіне сол жылдары Есболат Қасымұлы белсене қатысқан еді. 1997 жылы Есболат Қасымұлы Дүйсенов Бұланды ауданының Суворов атындағы шаруашылығында директор, одан кейін Атбасар ауданының ең үлкен шаруашылығы «Максим Горький» совхозында директор, кейіннен зейнетке шыққанға дейін Целиноград ауданының «Оразақ» шаруашылығында директор болып, 2010 жылға дейін қызмет атқарады.Сөйтіп, бүкіл өмірі мен еңбек жолын Есболат Қасымұлы қазақ елінің ауыл шаруашылығына арнап, қаншама маман кадрлар дайындап, қарапайым жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жасап, елдің құрметтісі атанады. Осындай жетістікке қалай жеттіңіз деген сұрағыма, Есболат Қасымұлы ойлана отырып: «Қай жерде қызмет атқарсам да, адал еңбек еттім. Елге, қарамағымдағы жұмысшыларға жақын болдым. Тәжірибиесі мол қарапайым жұмысшылардан үйренуден қашпадым, керісінше, мына жағдайда не істеуге болады деп олармен ақылдасып отырдым. Сондықтан да болар, жұмысшыларым да, ауылдастарым да маған сенді және айтқанымды бұлжытпай орындап, мені құрметтеді» деп өткен еңбек жолдарындағы жемісті жылдарын еске алып, біршама әңгіме айтты.Есболат Дүйсенов құрметті демалысқа шығысымен балаларының оқуына байланысты отбасымен Елордаға көшіп келеді. Мұнда да қарап отырмайды, келісімен қазіргі Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесіне келіп, алғашында кеңесші, кейіннен төрағаның орынбасары болып қызмет атқаруда.Ал енді отбасы жайлы айтатын болсақ, Есболат Қасымұлы 1970 жылы өзімен бірінші кластан бірге оқыған, ауылдас қызы Үміт Әлібекқызымен үйленіп, отау құрады. Бүгінде екеуі төрт баланы өмірге әкелген ата-ана. Балаларының бәрі жоғары оқу орындарында оқып, білім алған мамандар. Олар қазірде әр салада қызмет атқарып, өздері де балалы-шағалы атанып отыр. Есболат пен Үміттің 10 немересі бар. Тіпті немерелерінің алды жоғары оқу орындарын бітіріп, бүгінде Елорда төрінде еңбек етіп жүр. Бақытты отбасының отағасы Есболат пен отанасы Үміттің қосылғандарына 50 жыл. Жан жолдасы Үміт Әлібекқызы медицина саласында 40 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққаннан кейін ол да ардагерлер Кеңесіне қол ұшын беріп келеді. 15 жылдан бері Алматы ауданының бас-тауыш ардагерлер ұйымының төрайымы. «Елорда» атты ардагерлер хорын ұйымдастырып, соған басшылық етуде, хордың құрылғанына биыл 12 жыл толыпты. Әрі Үміт Әлібекқызы Алматы аудандық ардагерлер Кеңесінің медициналық тұрақты комиссиясының төрайымы ретінде ардагерлердің денсаулығын қорғауға да айтарлықтай үлес қосуда.Құрметті демалысқа шыққаннан кейін, рахаттанып дем алмадыңыз ба? – деген сұрағыма Есболат Қасымұлы:–Үкіметіміз бен қоғам, тіпті қолынан іс келетін адамдар қариялар мен ардагерлерге назар аударып, қарттарымыз қазынамыз екенін түсінсе, ата-бабамыздан келе жатқан игі дәстүріміз жалғасып, жастарымыз қайырымдылық пен үлкенді сыйлау дегенді ұмытпас еді. Міне, сондықтан да осы жауапты істі қалған өмірімде жалғастырсам деп осы ардагерлер Кеңесіне келдім,–деді. – «Қарттары бар ел, қазыналы ел» дейсіз ғой? – Осыған ұқсас тағы бір мақал бар, «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» деген қасиетті сөздің мағынасын терең түсінсек, біздің қай-қайсымыз да адами тұрғыда биіктен көрінер едік. Үлкендерді сыйлау – өміріміздің мәні, сәні деп ойласақ қана біз ата-баба салып кеткен тәрбиенің биігінен көрінер едік. Міне, мен осыны түсіндім. Сондықтан да, үйде қарап отырмай, тіпті отыра алмай ардагерлер Кеңесінен бір кетіп, бір келдім ғой.– Яғни, жақсылық жасауды міндет емес, парыз деп түсінесіз ғой?– Өте дұрыс айттыңыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбіт, әрі тыныш өмір сүруі өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. Ендігі өмірім мен қызметім осы қазыналы қарттарымызға арналса деген ойым бар. Шынында да, Есболат Қасымұлы Елордада тұратын соғыс ардагерлерінің әрбірінің өмірімен таныс десек артық айтпас едім. Ол кезде соғыс ардагерлерінің көбінің көзі тірі, олардың көбі ардагерлер Кеңесіне келіп жүретін кез. Қай кезде келсем де, Ерекең төсекте жатып қалған соғыс ардагерлерімен телефон арқылы да шүйіркелесіп әңгімелесіп жататын. Тізімде тұрған әрбір ардагерді танитын, әрбірінің жағдайын білетін.Сол жылдары мен Есболат Қасымұлының өмірде ұстанымы зор азамат екенін көрдім. Ардагерлер Кеңесіне келген әрбір соғыс ардагері, тіпті қарапайым еңбек ардагері болсын, олармен сыпайы әңгімелесе отырып, қандай да мәселесін шешіп беруге тырысатын. Оларды мұқият тыңдап, орындай алмайтын жұмыс болса, құр уәде бермей, бастықтың алдына апарып, бар мәселесін шешіп беретін. Сонда мен осы жұмыстан шаршамайсыз ба, уәдеңізді орындай алмасаңыз қайтесіз деп Есболат Қасымұлынан сұрайтынмын. Мұндайда ол: –Уәде берсем міндетті түрде орындауға тырысамын. Ал, болмайтын жағдай болса, алдымнан ренжіп кетпесін деп сол мәселені шешуге жол іздестіремін. Хат жазып, әкімшілікке барып, жоғары жақтан көмек сұраймын,–дейді. Міне, Есболат Қасымұлы осындай адам. Әңгімемізді тағы сұрақпен жалғастырсақ дейміз.–Есболат Қасымұлы, өзіңіз тапжылмастан осы қалалық ардагерлер Кеңесінде қызмет істеген жылдары сіздің басшылығыңызбен Ұлы Жеңістің 65,75 жылдығына орай ақмолалық соғыс майдангерлері мен тыл ардагерлеріне арнап екі бірдей кітап шығардыңыздар, бұл әрине үлкен жұмыс. Сол жайлы не айтар едіңіз?–Жаңа айтып өттім ғой, мен бұл қоғамдық жұмысқа, ардагерлер Кеңесіне жайдан-жай келе қалған жоқпын деп. Себебі, Ұлы Отан соғысына тек менің туған Ақмола облысымнан ғана 63 мыңнан астам адам Отанын қорғауға аттанса, соның жартысынан көбі, яғни, 33950-і туған жеріне, еліне оралмай, шет жақта шейіт болды. Олар біздің осы бақытты өміріміз үшін күрескен жауынгерлер. Ал, тылда қаншама еңбек адамдары қақаған қыста, жаңбырлы күндері толарсақтан саз кешіп, ыстық аптапта жан аянбай еңбек етті. Міне бұл осы адамдардың ерен еңбегін көрсету мақсатында жазылған кітаптар. Қалған ғұмырымда ата-бабалар рухы риза болсын деп осы ардагерлер жайлы біраз деректер жинап, кітаптың құрастырушы-авторына көп мәліметтер бердім. 2010 жылы «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат», ал, 2020 жылы «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» деген екі кітап шығардық. Елордада қазіргі таңда 28 ғана соғыс ардагері қалды. 2820 тыл еңбеккері бар. Олардың Отанымызға сіңірген ерен еңбектерін тілмен жеткізе алмаймын. Майдандағы жауынгерлер сияқты, олар да Ұлы Жеңіске үлкен үлес қосты. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ оны ұмытпауы керек. Шынында да, соғыс майдангерлері мен тыл ардагерлерінің өткен өмір жолдарында қаншама тағдыр, әке-ағаларынан, балаларынан айрылған ата-әжелеріміз бен аналарымыздың, балалардың көз жасы жатыр. Міне, біздің ардагерлер Кеңесі қазір осы кісілермен тығыз жұмыс істеуде. Соларға қолымыздан келгенше көмегімізді беріп, шешімін таппай жатқан мәселелері болса, шешіп беруге тырысамыз. Тіпті кейбір қарттардың үйлеріне арнайы комиссиямен барып, қариялардың әлеуметтік жағдайымен танысып, олардың мұң-мұқтаждарын да біліп тұрамыз. Атап айтқанда, елордада тұрып жатқан соғыс ардагерлерінің баспанасының болуын қадағаладық. Бүгінде олардың бәрі үймен қамтамасыз етілген. Жылына бір рет самолёт пен теміржол, автомобильде соғыс ардагерлері тегін жүреді. Медициналық көмек тегін көрсетіледі. Аяқ протездері мен тіс протездері тегін жасалады. Қалада таксиден басқа барлық көлікте тегін жүреді. Бір басылымға жазылу тегін. Қол арба мен кресло, автокөлігі болса, бензині мен қосалқы бөлшектер тегін беріліп, оны жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге өтемдік төлемдер мемлекет тарапынан тегін беріледі. Міне, осының бәрін қадағалап, қолымыздан келгенше ардагерлердің барлық сұрақтарын шешіп беруге тырысамыз, – деп Есболат Қасымұлы қазіргі жасалып жатқан көмектер жайлы да баяндап өтті. Әрине, шешімін таппаған жұмыстар да баршылық. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның астанасы болғаннан кейін жыл сайын, тіпті ай сайын келіп жатқан жаңа қоныстанушылар көп. Естеріңізде болар, бұрын елордада екі аудан ғана болса, одан кейін тағы екі аудан қосылды. Халық саны да, ардагерлеріміз де көбеюде. Сарыарқа, Есіл, Алматы, Байқоңыр аудандарымен де тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Бұл аудандардағы белсенді деген ардагерлерді мына пандемияға дейін мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездестіріп, майдангерлеріміз бен тыл ардагерлері өздерінің мазмұнды да мағыналы өткен өмір жолдарын жастарға үлгі-өнеге ретінде айта отырып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге көңіл бөлуде. Осы жайында арнайы бағдарлама жасап, мерекелі даталарда әртүрлі тақырыпта кездесулер ұйымдастырып отырдық. Үлкендер өткен өмір жолдарын еске түсіріп, бір жасап қалса, жастар ұлағатты ардагерлердің өмір белестерін үлгі-өнеге етіп, қазыналы қарттарымызға өз өнерлерін көрсетіп, ардагерлердің батасын алатын. Иә, қазіргі ауыр күндер де өтер, мына жаман індеттен де құтылармыз, жақсы күндеріміз қайта оралып, ардагерлеріміз ортамызға келіп, жастарымызға ұлттық, патриоттық рух беретін өткен өмір жолдарының өнегелі істерін жеткізер күн тезірек туар деген ойдамыз. Зейнетте отырған адамдар бір-бірімен кездесіп, пікірлесіп тұрса, адамның жан дүниесі мейірімге толып, қуанышқа бөленеді емес пе?! Міне, біздің ардагерлер осы күнді асыға күтуде. Ал, біздер болсақ, осы қуанышты күнді жақындатуға бар күшімізді салудамыз.–Яғни, «Ақылды қария – ағынды дария», – дейсіз ғой.–Иә, өзіңіз еске салғандай, қазағымның кез-келген мақалы – ұлтымыздың құнды қазынасы. «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең, ал ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген дана сөзде айтылғандай өмір көрген қарт ақсақалдарымыздың өмір жолдары өрлік пен ерліктің дастаны дейміз. Олардың өшпес өмірлік тәжірибелері, берер ақыл-кеңестері шынында да біздің көбімізде жетпей жатады. Сондықтан, бүгінгі ұрпақтың рухын ояту үшін біздер қазіргі жастармен оларды жиі кездестіріп отыруымыз керек. Яғни, ардагерлер Кеңесі екі арада көпір болуы қажет. Осылай деген Есболат Қасымұлы ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығында және қалалық ардагерлер Кеңесінде атқарған еңбегіне орай, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», тағы басқа медальдармен, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталған.–Иә, қайырымды, мейірімді болу адамның ең жақсы қасиеті десек, сол қайырымдылықтың ізгілігін көрсетіп отырған Есболат Қасымұлы мен жан жары Үміт Әлібекқызы екеуін отасқандарының 50 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, ақынның мына бір өлең жолдарымен шашу шашсақ деймін:Алтын таққа лайықты асыл жандар,Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар,–дегендей, өмірлеріңіз ғұмырлы, жандарыңыз нұрлы болсын!
Ғалия Балтабай,журналист, «Құрмет» орденінің иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар