Elbasy – ta’y’elsizdik tiregi

Elіmіzdіn’ el boly’ s’ejіresі san tu’rlі belesterden turady. Sol belesterdіn’ en’ alg’as’qysy ol elіmіzdіn’ Tun’g’ys’ Prezi’dentіnіn’ sai’lany’y bolatyn. Ta’y’elsіz Qazaqstandy syndarly joldardan, san tu’rlі belesterden qulatpai’, su’rіndіrmei’ u’lken qajyr-qai’ratpen, ultyna, qazag’yna degen su’i’іspens’іlіkpen alyp s’yqqan Elbasy Nursultan A’bіs’uly Nazarbaevqa qazaq halqy ma’n’gі ri’za.

Qazaqstan Respy’bli’kasy Elbasy N.A’.Nazarbaevtyn’ sara bass’ylyg’ymen demokrati’i’alyq qundylyqtardy qurmettey’, as’yq qog’am qury’, adam quqyn qorg’ay’ men so’z bostandyg’yn o’rkeni’et o’rіsіne sai’ qamtamasyz ety’ salalarynda ay’yz toltyryp ai’tarlyqtai’ tabystarg’a jettі. Elbasy 1991 jyldyn’, jeltoqsan ai’ynyn’, bіrіns’і juldyzynda elіmіzdіn’ Tun’g’ys’ Prezi’dentі bolyp tag’ai’yndalg’an edі. Halyqty qas’anda bіlіktі bass’y bi’іkke ko’teredі. Bul ku’nde elіmіzdіn’ o’rkendep, o’rlep, bu’kіl a’lem moi’yndag’an el boly’y ai’anbai’ eselі en’bek etken Elbasymyzdyn’ eren erlіgіnіn’ arqasy ekenі bars’amyzg’a ma’lіm. El Prezi’dentі egemendіgіmіzdіn’ alg’as’qy ku’nіnen bastap, jatsa-tursa oi’lai’tyny da, ai’tatyny da ko’pultty elіmіzdіn’ tynys’tyg’y men bіrlіgіn saqtap qaly’ boldy. Memlekettіn’ qog’amdyq-sai’asi’ ahy’alynyn’ turaqtylyg’yn qalyptastyryp, elіmіzdі buryn-son’dy bolmag’an jetіstіkke jetkіzdі. Bu’gіngі ku’nі el Astanasy o’zіnіn’ za’y’lіm qurylysymen g’ana emes, ry’hani’ ortalyqtarymen de ko’rkei’іp keledі. Munyn’ ba’rі – ta’y’elsіzdіktіn’ jemіsі.
Qazіrgі tan’da Qazaqstan – a’lemdіk arenadan o’z ornyn oi’yp alg’an bіrlіktіn’ mekenіne ai’nalg’an. Alai’da, Qazaqstannyn’ bolas’ag’y bіlіmdі urpaq ekendіgіn u’nemі este saqtay’ bіzdіn’ mіndetіmіz, paryzymyz. Men bolas’aqqa nyq senіmmen, u’lken u’mіtpen qarai’myn. Osy jaqsylyqtar men i’gіlіktі іsterdіn’ basynda ko’regendіk tanytyp, jarqyn bolas’aq syi’lag’an elіmіzdіn’ tun’g’ys’ Prezi’dentі N.A’.Nazarbaevqa balan’ ju’rekten alg’ys ai’tqym keledі. Men o’z Elbasymnyn’, elіmnіn’ patri’otymyn!
Otanym – Qazaqstan gu’lіm menіn’, O’zіn’e arnalady jyrym menіn’.
O’rkendep gu’ldene ber jyldan-jylg’a, S’attyqpen arai’lang’an ku’nіm menіn’.
Otanym jyrym menіn’, a’nіm boldyn’,
O’zіnde jai’nap o’stіm, sa’nіn’ boldym. O’tkіzіp EXPO-2017-nі,
Qazag’ym jer ju’zіne ma’lіm boldyn’.

Oi’ymdy o’rnektelgen aqtaramyn, S’yrqai’yq alg’a basyp jastar a’nіn. Jasai’ ber, jasa, ma’n’gі Uly Otanym! Men cende ty’g’anyma maqtanamyn.

Gu’lhanym A’SEMBEKQYZY,
S’.Y’a’li’hanov atyndag’y Ko’ks’etay’ memlekettіk y’ni’versi’tetіnіn’ tari’h, zan’tany’, o’ner ja’ne sport faky’ltetіnіn’
1 ky’rs sty’dentі.

Елбасы – тәуелсіздік тірегі

Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей үлкен қажыр қайратпен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікпен алып шыққан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қазақ халқы мәңгі риза.

Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Елбасы 1991 жылдың, желтоқсан айының, бірінші жұлдызында еліміздің Тұңғыш Президенті болып тағайындалған еді. Халықты қашанда білікті басшы биікке көтереді. Бұл күнде еліміздің өркендеп, өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еселі еңбек еткен Елбасымыздың ерен ерлігінің арқасы екені баршамызға мәлім. Ел Президенті егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да көпұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастырып, елімізді бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткізді. Бүгінгі күні ел Астанасы өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Мұның бәрі – тәуелсіздіктің жемісі.
Қазіргі таңда Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған бірліктің мекеніне айналған. Алайда, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екендігін үнемі есте сақтау біздің міндетіміз, парызымыз. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегендік танытып, жарқын болашақ сыйлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа балаң жүректен алғыс айтқым келеді. Мен өз Елбасымның, елімнің патриотымын!
Отаным – Қазақстан гүлім менің,
Өзіңе арналады жырым менің.
Өркендеп гүлдене бер жылдан-жылға,
Шаттықпен арайланған күнім менің.

Отаным жырым менің, әнім болдың,
Өзінде жайнап өстім, сәнің болдым.
Өткізіп EXPO-2017-ні,
Қазағым жер жүзіне мәлім болдың.

Ойымды өрнектелген ақтарамын,
Шырқайық алға басып жастар әнін.
Жасай бер, жаса, мәңгі Ұлы Отаным!
Мен cенде туғаныма мақтанамын.

Гүлханым ӘСЕМБЕКҚЫЗЫ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің 1 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар