Атбасар мен Есілге әкімдер тағайындалды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Атбасар және Есіл аудандарында болып, жергілікті мәслихаттардың кезектен тыс сессияларына қатысты. Сессия барысында осы аудандардың жаңа әкімдерін тағайындады, сондай-ақ, аудандар активінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар берді.

Аманбек Әмірхамзаұлы Қалжанов – 1961 жылы бұрынғы Торғай облысының Арқалық ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Арқалық қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде бухгалтер болып бастады.
1983-2004 жылдар аралығында салық және статистика органдарында жауапты қызметтерді атқарған. 2004-2012 жылдары Жарқайың ауданының әкімі, 2013 жылы Ерейментау ауданының әкімі, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2015 жылдан бері Есіл ауданының әкімі лауазымын атқарды.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Талғат Аманбайұлы Ерсейітов – 1974 жылы бұрынғы Целиноград облысы, Астрахан ауданында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Ақмола аграрлық университеті, Астана қаласындағы басқару институтын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Астрахан ауданы әкімдігінде маман болып бастаған.
1997-2007 жылдар аралығында Астрахан аудандық салық комитетінде, 2007 жылы аудандық мәслихат хатшысы болып тағайындалып, жауапты қызметтерді атқарған.
2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан бері Астрахан ауданының әкімі лауазымын атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар