Ажырасулар некеге отырғандардың жартысын құрайды

Өткен жылы облыстық әділет департаментінде 28729 азаматтық хал актілерінің жазбалары тіркелді.

Олардың басым бөлігі қоғам үшін маңызды, ал, әрбір отбасы үшін аса қуанышты оқиға – сәбидің туғандағы тіркелуіне тиесілі. Осылайша өткен жылы тіркелген 11282 нәрестенің 5807-сі ұл бала, 5475-і қыз бала. Сондай-ақ, халықтың табиғи өсімі өткен жылы 3806 адамды құраған. Әсіресе, Көкшетау қаласында. Туу көрсеткіші 3869 балаға тең болса, қайтыс болғандар саны – 1564, сонда өсім 2305 баланы құрайды. Қайтыс болғандар бойынша ең жоғары көрсеткіш Сандықтау ауданы (туғандар саны – 235, қайтыс болғандар саны – 322), Зеренді ауданы (туғандар саны – 264, қайтыс болғандар – 311) және Ақкөл ауданында (туғандар саны – 282, қайтыс болғандар – 291) байқалды.
Өткен жылы 5205 неке тіркелсе, оның 236-сы шетелдік азаматтар. Бұл – жалпы, некеге отырғандардың 5 пайызы. Ал, некенің бұзылуы – 2638 жұп немесе 50,6 пайыз, яғни, тең жартысынан астамы.
Балаларды асырап алу санының өткен жылы аз болса да өскендігі байқалады. Яғни, 2016 жылы бұл көрсеткіш 70 бала болса, 2017 жылы 84 бала. Бұлардың бәрі негізінен тек Қазақстан Республикасының азаматтары.
Өткен жылы тегін, атын және әкесінің атын өзгерту бойынша АХАТ бөліміне өтініш білдірген азаматтардың саны (2016 жылы 329 болса, 2017 жылы 338) сәл-пәл көбейді.
Айта кету керек, «электрондық үкімет» порталының қызметін пайдаланған халық саны да көп болды. Оған мына цифрлар дәлел. 2017 жылы Әділет органдарына 2762 электрондық өтініш түсті, оның 283-і баланың тууы жөніндегі хал-актілерін тіркеу болса, 1847-сі неке қиюды тіркеу, ал, некенің бұзылуы бойынша 128, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру бойынша 4 адам тіркелген және 231 адам «апостиль» мөртабанын қою жөнінен тіркеуден өткен.

Бақыт КҮШЕНОВА,
облыстық әділет департаментінің
жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар