Облыс өмірінен сыр шертеді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы жақында «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталын іске қосуды жоспарлап отыр.

Кітапхана мамандарының сөзінше, портал арқылы оқырмандар облыстың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде анықталған киелі жерлері мен көрікті және тарихи орындары, танымал тұлғалары, жергілікті жазушылары мен ақындары туралы мағлұматтар алады. Ол «Ұлы есімдер – ұрпақ жанында», «Тұлға», «Туған өлке», «Жаңа толқын», «Жаңалықтар» тәрізді бес бөлімнен тұратын болады. Алғашқы бөлімде облыстың тарихында алтын əріппен жазылған тарихи тұлғалар туралы мəліметтер жинақталса, «Тұлға» – «Личность» бөлімі білім мен ғылымға өлшеусіз үлес қосқан қазіргі ақмолалықтарға арналмақ. «Туған өлке» бөлімінде өңірдегі киелі жерлер мен тарихи орындар туралы нақты мәліметтер сақталады. Төртінші – «Жаңа толқын» бөлімінде кітаптар мен суреттерді, мақалаларды жүктеп алуға болады. Ал, «Жаңалықтар» бөлімі күнделікті өткізілген шаралар мен жаңалықтарға толы болмақ.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар