Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа әліпби көңілден шықты - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа әліпби көңілден шықты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа өзгерту енгізді. Ақорданың ресми сайтында тиісті Жарлыққа қосымша ретінде шығарылған қаулы жарияланды.

Мемлекет басшысы бекіткен төл тіліміздегі әліпбидің бұл нұсқасында 32 әріп бар. Соңғы үлгімен салыстырғанда біршама аз әрине. Бірақ, барынша ықшамдалған. Апострофтар алынып тасталып, оның орнына акут ұғымы енгізіліп отыр. Яғни алфавиттегі ә, ғ, ң, ү, ұ, у әріптерінің төбесіне арнайы таңба қойылады. Ал, ч және ш әріптеріне диграфтар қолданылмақ. Ғалымдардың пайымдауынша акут ұғымын қазақ әліпбиіне енгізуі кездейсоқтық емес. Себебі, бұған дейінгі нұсқасы арқылы төл дыбыстарымызды таңбалағанда пернетақтаны екі рет басу керек болатын. Әрі әріптің маңдайшасына қойылған таңба бір орынды алып тұратындықтан, сөздің арасы бөлініп қалатын еді. Енді жаңа әліпби мұндай олқылықтардың орнын толтырады. Тілдік ережелерді жазу да оңайға түспек. Байқасаңыз, негізінен бір таңба бір дыбыс принципі сақталған. Тек қана ч мен ш үшін екі диграф қолданылады.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді біреулер бұл істе асығыстық жасамауды сұрайды. Педагог ретінде айтарым, латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз өте көп. Атап айтсақ, біріншіден бұл әртүрлі мемлекетте тұратын Қазақ этносын біріктіреді, гуманитарлық-интеллектуалдық стандартқа сай ұлттық модельге енуге талпындырады, заманауи ақпараттық технологияны интеграциялау мүмкіндіктерін арттырады, қазақ тілін әлемдік тіл деңгейіне көтеруге мүмкіндік туғызатындығын баса айтып өтсем деймін. Сонымен қатар, қатаң интеллектуалды және виртуалды жобаларды қалыптастыруға септігін тигізеді, ұлттық патриотизмді, ұлттық кодты нығайтады, ұлттық сананы жаңғыртады, технология саласында ғылыми орта, отандық бизнес, пікір алмасу үрдістерін жеделдетуге ықпал жасайды. Нано, ғарыш, жасанды интеллект, ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын төл дыбыстарымызды анық, айқын түрде айта алуға мүмкіндік туады, латын әліпбиіне өту тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады. Жаңа әліпби елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қуатты серпін тудырары анық.
Жақсылық ҚҰЛАНҰЛЫ,
Көкшетау қазақ гуманитарлық-техникалық
колледжінің аға оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар