Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының салтанатын көрсетіп, асқақтататын ерекше еңбек, айрықша оқиға.
Автор өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, тарихи сананы жаңғыртуды жан-жақты талдап, терең философиялық толғам жасаған. Ұлы ойшылдарға қатысты әңгіме қозғай отырып, ұлылықтың бастауы қайдан келгенін жас ұрпаққа танытады. Яғни, ғұламалардың қалдырған мұрасының мәні мен маңызы бүгінгі таңда бізге жол бастайтын ұлы еңбек болып қалатынын көрсетіп отыр деуге болады.
Қазіргі аумалы-төкпелі экономикалық тартыс, әлемдегі тұрақсыздық, бірін-бірі соғысқа шақыру сияқты күрделі мәселелердің ушығып тұрған кезінде ұлы даланың бойындағы бейбітшілікке, халықтың тыныштығына аса көңіл бөліп, оң баға береді.
Осы мақалада «Атқа міну мәдениетіне» ерекше мән беріп, атқа міну мен жылқы шаруашылығы бар әлемге Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі екенін баса айтады. Яғни, жылқыны қолға үйрету, мінсе көлік, ішсе сусын болуы, «бес қаруын асынған салт атты сарбаздың көшпенділер тарихын паш етер символ» екенін жазуы ата-бабамыздың ат үстінде өтіп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұлан-байтақ ұлы даламызды қорғап, бізге қалдырғанынан сыр шертіп баяндап отыр. Ал, қазіргі темір тұлпарды ерттеп мінген жастарға, деннің саулығына ат үстінің әулие екенін айтып, жылқыны кәсіп ету – ауыл шаруашылығына үлкен экономикалық серпін берерін дөп басып, ой тастайды.
Мақаланың құндылығы жас ұрпақтың санасына тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатады. Отаншылдық тəрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс екені белгілі. Сондықтан осы еңбекте
Елбасы мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құруға шақырады. Ұлы даланың әдет-ғұрып жүйесі, мәдени дәстүрлері болып табылатын қазақтың қаншама құндылықтары ғасырлар бойы әлем мәдениетіне қосылған үлес екенін ұрандатып айту емес, салмақты ой тастап, салиқалы іске бастауға көрсетілген айқын жол, анық бағыт деуге болады.
Ахыт ЕРКЕГҮЛ,
Астрахан №1 орта мектебі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.