Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдарымыз жайлы болсын - АРҚА АЖАРЫ

Жолдарымыз жайлы болсын

Астаналық Ақмола облысы геотранзиттік үлкен әлеуетке ие. Мұнда көлік қатынасының барлық негізгі түрі қызмет көрсетеді. Әсіресе, автомобиль көлігінің қарымы күн өткен сайын күшейе түсуде.

Елордаға қарап бой түзейтін өңірдегі ішкі жолдар да уақыт сұранысына сай болуын түсіндіріп жатудың өзі артық. Бұл маңызды іспен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы айналысады. Аталған басқармаға жүктелген негізгі міндеттердің бірі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің құрылысы, нысандарды қайта жаңарту, жөндеу және қалыпты ұстау болып табылады. Қолымыздағы деректер бойынша қазіргі күні өңірдегі жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қашықтығы 5626 километрді құрайды. Мұның 2661 километрі облыстық және 2965 километрі аудандық атқарушы органдардың қарауында.
Ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 19,7 миллиард теңге мөлшерінде қаржы бөлінген. Осының 13,1 миллиард теңгесі республикалық, 6,6 миллиард теңгесі облыстық бюджет есебінен пайдаланылмақ. Бұл 403,9 километрлік жергілікті маңыздағы жолдар мен көше-жол желілерін жөндеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 58,5 километрлік жол қайта жаңартылып, 286,2 шақырымдық жол күрделі және орташа жөндеуден өткізіледі және 60 километрдей жол ағымдағы жөндеумен қамтылмақ. Осынау ауқымды істер 6 бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Белгіленген жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді дамытудың кешенді жоспары, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту, «Ауыл – ел бесігі», моноқалаларды дамыту бағдарламаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды қажет етеді. Осының нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың 71,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілмек. Мамандардың айтуынша, аталған санаттағы 5626 километр жолдың 4011 шақырымы жоғарыдағы деңгейді құрап отыр.
Елордаға іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде, 2020 жылға дейін 54 шақырымды қамтитын 13 жобаны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 4,7 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бұл жобалардың қатарында Талапкер, Нұресіл, Ақмол, Жібек Жолы ауылдарының көше-жол құрылысы желісін, Аршалы ауданындағы жоғары жайлылықтағы коттедж кентінің кірме жолын, Қызылсуат, Қажымұқан, Ақмол, Ключи ауылдарының жолдарын күрделі және Малотимофеевка, Қосшы, Қоянды елді мекендерінің жолдарын орта жөндеу жұмыстарымен, бірқатар көпірлер салумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған қосымша «Ауыл – ел бесігі» және Елорда іргесіндегі ауылдарды дамыту жобасы арқылы әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды нығайтуға республикалық бюджеттен 4,1 миллиард теңге қаржы бөлініп, 30,9 километр жол жөнделу үстінде. «Ауыл – ел бесігіне» енетін Астрахан, Аршалы, Зеренді аудандарында жол-көше желілері жаңартылады. Ал, бас қала маңындағы Қосшы мен Жібек Жолы ауылдарының жолдарды жөндеу жұмыстарын «АИС Астана» және «ДорСтройТрест» мердігерлік ұйымдары жауапкершілігіне алып, 35,1 шақырымдық жол құрылысы жүргізілуде. Аталған серіктестіктер мұнда 3065000 мың теңгенің жұмысын атқарады.
Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,7 миллиард теңге бағытталған. Мұнда да 207 шақырымды қамтитын 12 жоба іске асырылмақ. Бұл орайда, құрылысы ұзаққа созылған «Жалтыр-Макинск» жолы бойындағы көпір құрылысы аяқталып, «Атбасар-Сочинск», «Есіл-Свободное-Раздольное» бағыттарындағы жаңа көпірлер де ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, көптеген жол тармақтары күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Өңірлерді дамудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде 12 аудан орталықтары мен Степногорск қаласының жол-көше желісін жақсарту мақсатында, ақшаға шаққандағы көлемі 568,6 миллион теңгенің жұмыстары кестеге сай атқарылып жатқанынан хабардармыз. Осы ретте, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары құрылысына айрықша маңыз артылатындығы көңілден шығады. Мұнда 15 жобаны іске асыруға 2,6 миллиард теңгенің мақсатты трансферттері тиімділікпен игерілуде.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар