Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдай кезінде еліміздегі ХҚО-лар қалай жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдай кезінде еліміздегі ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

2020 жылғы 26 наурыз 10:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтады. Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің 80% «электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильдік қосымшасы және Telegram-дағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

ХҚО-ның тәжірибелі және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері, соның ішінде Алматы филиалының 50 қызметкері «1414» байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, «Азаматтарға арналған үкіметтің» 200-ден астам қызметкері, оның ішінде Алматы қаласы филиалының 30 маманы бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильдік азаматтар базасында тіркейтін болады.

Сонымен қатар, Алматы филиалының 50 маманы қашықтан жұмыс істеп, азаматтарға ұялы телефон арқылы онлайн қызмет алуға көмектеседі. Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады.

Көлікті қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейді.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/totenshe-zhagday-kezinde-elimizdegi-hko-lar-kalay-zhumys-isteydi_a3629409

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар