Жасы 65-тен асқан депаутаттар Мәжілістің отырысына қатыспады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», – деді Нұрлан Нығматулин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа жұмыс форматына көшеді.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/zhasy-65-ten-askan-depautattar-mazhilistin-otyrysyna-katyspady_a3629418

https://www.coronavirus2020.kz/kz/zhasy-65-ten-askan-depautattar-mazhilistin-otyrysyna-katyspady_a3629418

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар