Ақмола облысында коронавирус пандемиясының алдын алу және онымен күресу үшін мұқтаж адамдарды антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезектегі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша «Біз біргеміз!» республикалық бірыңғай акциясы бастау алды.
Осындай көмек алатындардың санатына жалғызілікті қарт адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар жатады.
Биылғы жылдың 23 наурызында осы акция шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы волонтерлер орталығының мүшелері чуваш, тәжік және өзбек этномәдени бірлестіктерінің қолдауымен көп балалы аналардың, мүгедектер мен тыл еңбеккерлерінің отбасыларында болды. Кездесу барысында волонтерлер аз қамтылған азаматтарға азық-түлік жиынтықтарын, жемістер мен дәрі-дәрмектер табыс етті.
Қ.КӘКЕНОВ.