Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешітінің жанындағы «Зейнеп» тігін цехы медициналық маскалар тігіп, халыққа тегін таратуда.

Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешітінің жанындағы «Зейнеп» тігін цехы медициналық маска шығаруға кірісті. Ал, Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының мешіті осы күнге дейін үш мың данадан астам маска тігіп, халыққа тегін таратты. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы бойынша облыстық және аудандық мешіттердің атсалысуымен 7500-ге жуық медициналық маска тігіліп, халыққа тегін таратылып берілді. Бұл қайырымдылық шарасы одан әрі жалғасуда.
Науан хазірет атындағы орталық мешіттің наиб имамы Азамат Құсайыновтың айтуынша, қазір облыстағы барлық мешіттер елімізде жарияланған төтенше жағдайлар талабына сай мешіттерде жұма намаздарын оқуды, басқа да көпшілік шараларды өткізуді тоқтатқан. Кісіні жерлегенде бұрынғыдай дәмханаларда жүздеген адамға арнап ас берілмейді. Марқұмның туыстарының қалауынша үйде жақын деген 20-30 адамға ғана шақтап, дастархан жайылады.
Жұқпалы қатерлі дертті ауыздықтау үшін барша халық жұдырықтай жұмылып, төтенше жағдай шарттарын қатаң сақтауы қажет. Бұл маңызды шараға мемлекеттік мекемелермен бірге, мешіттердің де белсене атсалысып отырғандығын атап өтуге тұрарлық.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар