Залалсыздандыру тұрақты жүргізілуде

Целиноград ауданында осы мақсатта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халыққа қызмет көрсету орталығы, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарда осындай жұмыстар басталды. Көшелер, тротуарлар, аялдамалар да күн сайын арнайы ерітінділермен зарарсыздандырылып жатыр. Бүгінде
55 000 шаршы метр көлемдегі аумақ зарарсыздандырылып, 415 подъезде санитарлық-дезинфекциялау жұмысы атқарылды.
Коронавирус инфекциясы пандемиясының жариялануына байланыс-ты барлық ғимараттарда күшейтілген санитарлық-зарарсыздандыру тәртібін сақтау үшін едендер, есіктің тұтқалары, кеңселік құрал-жабдықтар, компьютерлер, жиһаздар мен терезелерде осы жұмыстарды жүргізуге құрамында хлоры бар препараттар сатып алынып, күніне үш рет дезинфекция жасалуда. Барлық қызметтік кабинеттердің терезелері ашылып, кемінде үш рет желдетіледі. Тазалық жұмысы күніне екі рет, таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелердің ғимаратына кісі кірген кезде өткізу пункттеріндегі қадағалау шаралары да күшейтілді. Әрбір қызметкермен коронавирустан сақтану және оның алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, парақшалар мен жадынамалар таратылып, ғимараттардың көрнекті жерлеріне ілінді. Сонымен қатар, тұрғындарды тасымалдайтын қалааралық қоғамдық көліктер де зарарсыздандырудан шет қалмауда. Бұл үшін арнайы антисептикалық сұйықтықтар пайдаланылуда. Әр рейс сайын атқарылатын мұндай тазалық жұмыстарына көлік жүргізушілері мен кондукторлар жауапты болып бекітілген. Оларға арнайы ыдыс, қолғап және хлор ерітіндісі берілген.
Мұндай санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтілген режимде аудандағы адам көп жиналатын сауда орындарында да жүргізілуде.
Бір айта кететін жай, коронавирус-тан сақтану мақсатында жоғарыдағыдай күшейтілген сақтық шаралары облыс өңірлері ішінде ең алғаш біздің ауданда қолға алынып, содан бері тұрақты жүргізілуде. Індет айтып келмейді. «Сақтансаң сақтайды» демекші, бұл атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі өзіміздің қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыз үшін керек. Қазір аудандағы жағдай бірқалыпты және үнемі бақылауда. Алда да солай болса екен дейміз.

Жанар БАЙДІЛДИНА,
Целиноград ауданының
ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар