Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерік қоғамы өкпеге жасанды тыныс беретін аппарат шығара бастады.

Зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиевтің айтуынша, «Көкшетау-4» аталатын аппараттың алғашқы 17-і данасын жергілікті ауруханаларды қамтамасыз ету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы сатып алыпты. Зауытта тағы 50-ге жуық аппарат құрастырылуда. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 дана «Көкшетау-4» өкпені жасанды тыныс алдыратын аппаратқа сұраныс түсіпті. Зауыт айына 20-30 дана аппарат шығара алады. Қажет болып жатса, өндіріс қуатын ұлғайтуға да мүмкіндігі бар. Ол үшін Ресейге қосымша жиынтық бөлшектеріне тапсырыс беріпті.
Сонымен қатар, кәсіпорында тәулігіне 6-7 мың дана медициналық маска тігілуде. Бүгінгі күні барлығы 35 мың дана маска шығарылған.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар