Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосылғанын құптаймын - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосылғанын құптаймын

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте мәлімдеме жасаған болатын. Бүгінгі күні бұл үстемеақы корнавируспен күрескен дәрігерлерге, олардың отбасына үлкен көмек екені сөзсіз.

 – Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулығын тәуекелге тігіп отырып, өз міндеттерін атқарып жүрген дәрігерлерге үстемеақы беру үшін 200 миллион теңге бөлдік, деген қала әкімі мемлекеттік комиссияның отырысында Президенттің дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау бойынша қаржылық көмегі туралы еске салды. «Яғни бірінші санаттағы дәрігерлер 800 мың теңге, ал екінші санаттағылар 400 мың теңге, үшінші санаттағылар 200 мың теңге алады. Бұл айтарлықтай көмек», – деді А.Көлгінов. Бұл дәл уақытында әрі дұрыс шығарылған шешім.

Оған қоса,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге үш санат бойынша жалақысына үстемеақы қосылатынын айтқан болатын. Бұл ақ қабатты абзал жандардың еңбегінің бағаланғаны дер едім. Өздеріңіз байқағандай, әлемді жайлаған коронавирус пандемиясының біздің елімізді де айналып өтпеген белгілі. Бұл індетті ауыздықтау үшін алдымен  дәрігерлер жұмылдырылды. Сондықтан, астаналық, алматылық, еліміздің барлық аймақтарында күн-түн демей, үй көрмей еңбек етіп жүрген әріптестеріме  сабырлық пен денсаулық тілеймін. Біздің дәрігерлер қашанда қиындыққа тап болған адамдардың денсаулығы үшін жан аямай күресетін ақ халатты абзал жандар. Олар осы қиын жолда өздерінің кәсіби маман екендерін  және емделушілеріне қаншалықты керек екендерін сезіне түсуде. Сондықтан да, әр санаттағы дәрігерлер үшін жалақыға үстемеақы қосылғанына өте ризамын. Дәрігерлер мемлекеттің осындай үлкен қолдауының арқасында жанқиярлықпен еңбек етіп, тұрғындардың денсаулығы үшін күресетін болады.

Жанна АХМЕТОВА,

Мемлекеттік санитарлық бас дәрігер.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар