Жуырда еліміз бойынша бастау алған «Біз біргеміз» республикалық акциясы Ақмола облысында да жалғасын тапты.
Бұл акцияның басты мақсаты – коронавирус пандемиясы таралуының алдын алу үшін мұқтаж жандарды антисептик құралдарымен, медициналық маскалар және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай көмек алушылардың қатарына жалғызбасты қарттар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар енгізілді.
Акция аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының волонтерлік орталығының мүшелері чуваш, тәжік және өзбек этномәдени бірлестіктерінің көмегімен көп балалы отбасыларының, тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ, мүгедек жандардың үйлерінде болып, азық-түлік, жеміс толы себеттер мен дәрі-дәрмек таратты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.