Шаруалар ризашылығын білдіруде

Міне, жарқырап көктемнің күні де келді. Бұл жер жүрегімен қатар шаруалар жүрегінің қатар дүрсілдейтін кезеңі. Биылғы жылдың ерекшелігі жұртшылыққа мәлім. Әрі-сәрі күй кешкендер де жоқ емес еді. Дәл осы сәтте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемде қалыптасқан короновирус жұқпалы ауруына қатысты Мәлімдемесі ауыл тұрғындарының көңілін желпінтіп тастады. Әсіресе, шаруа қожалықтары қуаныш үстінде.

Бұл кең ауқымды әрі аса маңызды Мәлімдемеде, атқарылатын   басқа да міндеттермен қатар ауыл шаруашылығын өркендетуге айрықша назар аударылды. Мемлекет Басшысының: «Біз шағын   және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған  шараларды   қолға   алып  отырмыз. Кәсіпкерлерге  көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан   босатуды тапсырамын»,-деген тұжырымы ауыл бизнесін қанаттандырады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілмек. Атап айтқанда, «Бюджеттен  70  миллиард  теңге  бөлінеді. Көктемгі  егіс науқаны үшін «Қарапайым  заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн.

Сонымен  қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.

Осыны   қамтамасыз   ету   үшін   390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады», деген тапсырмасының  маңыздылығы орасан  екендігі  ақиқат.

Жалпы, осы   айтылған  шаралар  қазіргідей  күрделі  кезеңде  азаматтар  мен  отандық  бизнесті қолдау  үшін  керек және оның тиісті қайтарымы болатындығы анық. Сондай-ақ, бұл құжат уақытында   қабылданған және еліміздің болашақта өркендеп, дамуына оң әсерін тигізетін шара деп есептеймін.

Марат  ОСПАНОВ,

еңбек  ардагері, «Әлем-Серік»

шаруа қожалығының  басшысы,

С.Сейфуллин   ауылы,

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар