Тәртіпке бағынып, бірлікте болайық

Елена МАЩИНСКАЯ, «Той Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты.

Бүгін таңертең бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын толығымен оқып шығып, өзіндік ой түйдім.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекет болып, тәуелсіздік алған тұстағы тоқсаныншы жылдардан бері қарай елді бірталай дағдарыс кезеңдерінен алып шықты. Оның барлығы мақаланы оқып жатқанда жіпке тізгендей көз алдымнан өтті. Елбасының мемлекетте болып жатқан төтенше жағдайға ерекше назар аударуына, өзінің мол тәжірибесіне сүйеніп, көрегендігімен бағыт-бағдар сілтеп отырғандығына тағы бір көз жеткізіп, шын көңіліммен риза болдым.

Қазақстан – тарих толқынында талай дауылдар мен дүрбелеңге қарамастан, сынақтар мен сындарға төтеп беріп келе жатқан мемлекет. Қазір біздің ел ұлт саулығын сақтап қалудың қиын сынын басынан кешіруде. Алайда, бірлік пен татулықсыз, үйлесімділіксіз ешбір іс алға баспайды. Ең алдымен тәртіп, оған бағынушылық керек.

Сын сағатта, яғни, осынау қиын сәтте әріптестерім – кәсіпкерлерді мемлекет үшін қайырымды істермен айналысуға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, барынша демеп жіберуге шақырамын. Бұл жағдай аса ауыр тиіп жатқан егде жастағы адамдарды, мүмкіндігі шектеулі кембағал жандарды, халықтың әлеуметтік осал топтарын  ұмытпауымыз керек. Қазір бизнес құрылымдары үшін аса ауыр кезең екендігін де түсінемін. Соған қарамастан, біздер бір-бірімізге сыйластық танытайық. Оны жылы сөзбен ғана емес, сонымен бірге оң көзқарастармен, ойымыздағы жақсы ниет-тілекпен, қол ұшын берумен білдіруге болады.

Шындап келгенде, «бөтеннің қайғысы мен қуанышы» деген болмайды. Мұны біз осындай қиын кезде жақсы түсініп жүрміз. Болаттай берік болып, тәртіпке бас исек, біз алмайтын қамал болмас. Елбасының дер уақытында айтылған үндеу сөзі қоғамда қолдау табатынына сенімдімін.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар