Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 сәуір таңғы сағат 09:00-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелді: Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам, Қызылорда облысында – 4 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 4 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 45 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 802 науқас бар.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kazakstanda-koronavirus-zhuktyrgandar-sany-800-den-asty_a3636224

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар