Ақмола облысының аумағында карантин режиміне қосымша
шаралар енгізілді

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Ақмола облысының аумағында 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 21.00-ден бастап 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін тұрғындардың шаруашылық пен басқа қызметіне және өміріне қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Жолаушылар тасымалдау көліктері мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерінің жұмысы тоқтатылады. Тек ресми тіркелген такси қызметі жұмыс істей алады. Олар бір ретте бір отбасының мүшелерін отырғыза алады, болмаса, 2 ересек жолаушыдан артық отырғызуға болмайды.

Карантин жарияланған аумақта көліктердің кіруі мен шығуына
тыйым салынады. (Тек қана Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі департаментінің басшысының және департаменттің аумақтық басқармалары басшыларының куәлендірілген қолы мен мөрі бар қызмет куәлігімен немесе анықтамасымен Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары, жергілікті жердегі басшының куәлендірген қолы мен мөрі бар анықтама болған жағдайда пациенттер мен мемлекеттік медициналық мекемелердің медициналық қызметкерлері, құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері мен сот жүйесінің қызметкерлері, аймақтық жедел штабтың бекіткен тізіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, халықтың өмірлік маңызы бар мәселелерін шешумен айналысатын қызметкерлер, соның ішінде арнайы мамандандырылған инкассаторлық автокөліктің, «Қазпошта» акционерлік қоғамының автокөліктері (бөгде адамдарсыз), «Сергек» мәліметтер базасына сәйкес транзиттік жүк автокөліктері, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек және медициналық құралдар, жеке қорғаныс және гигиеналық құралдар, ауыл шаруашылығы өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы, құрылыс және басқа да материалдар тиелген арнайы мамандандырылған және жүк автокөліктері (жүргізуші және әрі алғанда екі жолаушы), төтенше жағдай туралы қауіпсіздік шараларында атап көрсетілгеніндей, медициналық көрсетілімдері бойынша кіріп-шығатын адамдар ғана өтулері тиіс).

Ақмола облысы тұрғындарының есіне!

65 жастан асқандар 07.00-ден 21.00 сағат аралығында, айрықша қажеттіліктен басқа уақытта, тұрғын орнынан шықпасын; Төмендегідей жағдайларда: азық-түлік, бірінші кезектегі тауарлар, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алғанда; өңірлік штаб бекіткен тізімге сәйкес жұмысқа баратындар; медициналық көмек қажет болғанда; үй жануарларын (иттер, мысықтар) серуендету 500 метр аумақтан және 30 минуттан аспауы қажет.
21.00-ден 7.00 сағат аралығында, төмендегі жағдайлардан басқа, тұрғын орнынан шықпасын: дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар сатып алу; шұғыл медициналық көмек қажет болғанда; түнгі уақытта тіршілікті қамтамасыз ету жұмыстары. (Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуы) байқалғанда, медициналық көмекті медицина мекемесіне бармай, шұғыл түрде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмек қызметін шақырып, үйде алу қажет).

Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдерінің назарына!

Өңірлік орталық штабтың барлық шешімдерінің, Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларының орындалуын бақылауда ұстау және үйлестіру, эпидемияға қарсы шараларды сақтау; төмендегілерден басқа, 2020 жылдың 13 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында, меншік түріне қарамастан, Ақмола облысының қалалары мен аудандарындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылсын: Бұған әкімдіктер, орталық атқарушы органдардың мемлекеттік ұйымдары, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік тауарларын сату нысандары, азық-түлік тауарларын көтерме сауда айналымына шығаратын базарлар, сондай-ақ, онлайн тапсырыстар және тағамдық тауарларды жеткізіп беруші курьерлер, тіршілікті қамтамасыз етуші және ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысандар, келісім негізінде, өңірдің тіршілік қызметін қамтамасыз етуші автожуу, дөңгелек жөндеу шеберханалары және ТҚС, арнайы тізіміндегілер жатады.

Денсаулығына қатысты жалпы проблемасы немесе созылмалы ауруы барлар, әсіресе, 55 жастан асқандардың жұмысқа шығуын шектеу;
Блок бекеттердің тоқтаусыз жұмысын ұйымдастыру;
Қалалар мен аудандардағы шектеу шараларына қатыстырылған барлық қызмет өкілдерінің биологиялық қауіпсіздік режимін сақтау, оларды жеке қорғаныстық заттармен қамтамасыз етіп, блок бекеттерде гигиеналық шараларға қатысты жағдай жасау;
Көшелерді және тротуарларды, қоқыс алаңдарын күн сайын жуу және дезинфекциялық құралдармен тазалау; COVID-19 індетінен қайтыс болған жағдайда тиісті алгоритм талаптарына сай қауіпсіз жерлеуді қамтамасыз ету;
Пәтер иелері коопе-ративтерінде аптасына екі рет үйлердің кіреберісін, лифтерді, паркингтерді профилактикалық дезинфекциялау және жуып тазалау; хабарландыру тақталарында, басқа көрнекі жерлерде жеке және заңды тұлғалар үшін енгізілген шектеулер орналастырылсын.
Қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсетуші (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана, кулинария, кофехана, лобби-барлар, лаундж-барлар, тез дайындау орындары, донерлер, көше киоскілері және басқалар) кәсіпкерлік субъектілері (нысандары) уақытша ережелерді сақтай отырып, онлайн тапсырыстар және тағамды курьерлер арқылы жеткізіп беру тәртібімен жұмыс істейді, жұмыс кестесі 20.00 сағатқа дейін.
Азық түлікті өткізумен айналысатын сауда нысандарының субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысының №32-БДҚ 15-қосымшасына сәйкес сауда объектілеріндегі санитарлық-дезинфекциялық алгоритм талаптарын сақтауы керек. Бұл объектілердің жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының субъектілері қаулыға сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс нысандарында, соның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар
алгоритм талаптарын сақтауы қажет.
Туристік объектілердің басшылары осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген талаптар тізбесін орындаулары тиіс.
Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың басшылары, атап айтсақ, өңірдің тіршілігін қамтамасыз етпейтін ұйымдар 2020 жылдың 13 сәуірінен бастап 2020 жылдың 25 сәуірі күнін қоса алғандағы аралықта қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуін ұйымдастырады. Олардың жұмыс орындары сақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақы төленетін демалыс берілуі керектігі осы қаулыда айтылған.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында қойылған талаптардың орындалуын, күнделікті мәліметтерді департаментке бере отырып, блок бекеттерде аумаққа кіретін және аумақтан шығатын азаматтарға байланыссыз түрде сауалнама жүргізуді және оларды термометриямен тексеруді қамтамасыз етуі керек. 65 жастан асқан тұлғаларға, мүгедектерге және 5 жасқа толмаған балаларға дәрі-дәрмектер үйлеріне жеткізілуі тиіс. Халық арасында коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың алдын алу шаралары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылуы керек. Ауру жұқтырған адамдармен байланысқа түскендердің аты-жөндері мен мәліметтері көрсетілген жедел және жиынтық ақпаратты жинап, комиссияға ұсыну облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүктеліп отыр.
Департаменттің аудандық және қалалық басқармалары COVID-19 ауруын жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды анықтайды. COVID 19 ауруы ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізуді, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер тиісті аумақтарда Жарлыққа, Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне, Қазақстан Республикасы БМСДҚ №32-БДҚ және осы қаулыға сәйкес төтенше жағдай режимі талаптарын сақтауды қамтамасыз етпейтін нысандар қызметін тоқтату туралы шешімнің уақытында қабылдануын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу күшейтілуі тиіс.
Ақмола облысының білім басқармасының басшысы жергілікті атқарушы органдар белгілеген білім беру нысандарын қоспағанда, штат режимінде жұмыс істейтін білім беру нысандарын қашықтықтан оқыту әдісіне көшіруді (техникалық мүмкіндік болған жағдайда, қашықтықтан оқыту әдісіне барынша ауыстыруды) ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Респуб-ликасы БМСДҚ №32-БДҚ-да қойылған талаптардың орындалуын, халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуді қамтамасыз етуге міндетті.
Меншіктің барлық нысанындағы медициналық ұйымдардың басшылары осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген және Қазақстан Республикасы БМСДҚ №32-БДҚ-да көрсетілген талаптарды орындауы тиіс.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы медициналық-әлеуметтік нысандарда (қарттар үйі, мүгедектер үйі, балалар үйі және басқа ұйымдар) Қазақстан Республикасы БМСДҚ №32-БДҚ-ның 18-қосымшасына сәйкес санитарлық-дезинфекциялық күшейту алгоритмі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы азаматтардың осы қаулыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауын бақылап,
COVID-19 ошағы саналатын қала аумақтары мен тұрғын үй сегменттерін күзетуді, эпидемиологтың ұсыныс хаты бойынша шетелден келген азаматтармен және COVID-19 ауруымен ауыратын адамдармен байланыста болған тұлғаларды іздеуді, респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері байқалған адамдар анықталған кезде тәулік бойы жұмыс істейтін телефон арқылы қаланың (ауданның) санитарлық-эпидемиологиялық қызметін құлақдар етуді, Ақмола облысының және елді мекендердің аумағына жаяу және көлікпен заңсыз кіруге жол бермеуді қамтамасыз етуі тиіс. Заң бұзушылықтар анықталған не болмаса жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда полиция департаментінің бастығы өз құзыреті шеңберінде шұғыл түрде шаралар қолдануы керек. Сонымен қатар, департамент бастығы қауесеттер мен жалған ақпараттардың таралуына жол бермеу жұмыстарын ерекше бақылауға алып, осындай деректер анықталған жағдайда кінәлілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуын қамтамасыз етуі қажет.
Облыстың бас санитарлық дәрігері А.Мусина Ақмола облысы полиция департаментінің бастығына аталмыш қаулыда көрсетілген шектеу қойылған іс-шараларды азаматтардың сақтауын, қала аумағы мен тұрғын үй массивтерінде COVID-19 індетінің ошақтары анықталатын болса, сол учаскелік сегментті күзетуді (блоктау), эпидемиологтар ұсынған ақпараттар бойынша COVID-19 жұқпасымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған және шет мемлекеттерден оралған тұлғаларды іздеуді, респираторлық жұқпаның клиникалық белгілері бар тұлғалар анықталған кезде қаланың (ауданның) санитарлық-эпидемиологиялық қызметін тәулік бойы жұмыс істейтін телефон арқылы ақпараттандыруды тапсырды. Сондай-ақ, полиция департаментіне Ақмола облысының аумағы мен елді мекендеріне жаяу немесе көлікпен заңсыз өтуді болдырмауды, ал, егер жоғарыда аталған талаптарды орындамау не болмаса бұзу жағдайлары анықталса, өзінің қызметтік құзыреті аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес заң бұзғандарға шара қолдануды міндеттеді және жалған немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралмауын қатаң бақылауда ұстауды, мұндай жағдайлар анықталатын болса оны таратушы тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында тездетіп шара қолданып, жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.
Бас санитар Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне 16 ПГГСВ РК №32-ПГВр қосымшасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің жазасын өтеу мекемелерінде санитарлық-залалсыздандыру алгоритімін сақ-
тауды қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына екі күннің ішінде карантин режимі шеңберінде қабылданған қосымша шектеу шаралары туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халықты тездетіп ақпараттандыруды, қосымша қабылданған шаралар туралы жадынамалар дайындап, онда қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдай кезінде адамдардың далада өздерін қалай ұстау керектігі, барлық қажетті шұғыл және апаттық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілген болуы тиіс. Сонымен бірге, аталмыш басқармаға бұқаралық ақпарат құралдарында індет шыққан ошақтарды оқшаулау және індеттің облыс тұрғындары арасында таралып кетпеуі үшін қауіптілікті төмендету бо-йынша жасалып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат таратуды тапсырды.
Республикалық «Ұлттық сараптама орталығының» Ақмола облысы бойынша бөлімшесіне COVID-19 індетіне шалдыққан және олармен қарым-қатынаста болғандарды, сонымен бірге, Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің анықтаулары бойынша зертханалық тексерістен өткізу кезінде, COVID-19-ға күдікті науқас тіркелсе, одан талдамалық материал алған кезде және COVID-19 шалдыққандардың материалдарын тасымалдау кезінде, COVID-19 жұқпасын жұқтырды деген күдікті науқастардың ошақтарында залалсыздандыру шараларын өткізу уақытында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылған талаптар қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, медициналық ұйымдарға зертханалық нәтижелерді уақытымен тапсыруды, COVID-19 талдамалары бойынша ақпаратты 2 сағаттан кешіктірмей, департаментке ұсынуды, жоғарыда айтылған құжатқа сәйкес талаптарды толық орындау-ды міндеттеді.
Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №22 «Ақмола облысының аумағында карантин режиміне қосымша және шектеулі іс-шараларды енгізу туралы» қаулысының, Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №23 «Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №22 «Ақмола облысының аумағында карантин режиміне қосымша және шектеулі іс-шараларды енгізу туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысының күші жойылды.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты тағы да қосымша өзгерістер мен шектеулер не болмаса бұрын енгізілген шектеулерді тоқтату бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы қаулының орындалуы Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің бақылауында болады. Осы қаулы 2020 жылғы 13 сәуірден 21:00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар