Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйге дейін жеткізу: Қазақстанның сегіз банкі карточкаларға тапсырыс беру қызметін тегін ұсынып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Үйге дейін жеткізу: Қазақстанның сегіз банкі карточкаларға тапсырыс беру қызметін тегін ұсынып отыр

Бүгінгі төтенше жағдай кезінде төлем карточкасына банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ жылдам әрі тегін тапсырыс беруге болады. Қазіргі уақытта банк карточкаларына қашықтықтан тапсырыс беру және жеткізу бойынша қызметті бірнеше банк ұсынып отыр. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу шарт емес. Тіркелген және карточкалық шот ашқан сәттен бастап Сіз клиент боласыз.

Карточка алу үшін осындай қызметті ұсынып отырған сегіз банктің біреуін таңдаңыз. Олар Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, Forte Bank және АТФБанк.
Төменде осы банктерде тіркеліп, карточка ашу жөніндегі нұсқаулықтарға сілтемелер берілген. Сілтемелер бойынша жүріп, әр банктің талабымен танысуға кеңес береміз. Сонымен бірге, картаға мобильдік қосымша арқылы тапсырыс берген өте ыңғайлы. Банкті таңдайсыз, оның мобильдік қосымшасын жүктеп аласыз, одан әрі нұсқаулық бойынша әрекет етесіз.
Ең маңыздысы, карточканы банктер 1-2 күннің ішінде дайындайды. Алайда, бұл банктердің бәрі Қазақстанның барлық өңірінде орналаспаған.
1. Halyk Bank карталарды қашықтықтан жасап, жеткізу қызметін ұсынады. Банктің жаңа клиенттері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жеткізуді сайт арқылы тапсыра алады. Банктің клиенті болып табылатындар немесе бұрын клиенті болғандар (яғни, деректері банктің базасында барлар) оны мобильдік қосымша арқылы істей алады. Олар үшін бұл қызмет бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Байланыс деректеріңізді енгізгеннен кейін банктің менеджері мәселені және жеткізу мекен-жайын нақтылау үшін сізбен хабарласады.
https://halykbank.kz/bonuscard
2. JysanBankте осындай қызметті ұсынады. Алгоритм өте қарапайым. Мобильдік қосымшаны жүктеу, белгілі бір картаны таңдау және тапсырысты беру және алу тәсілінде «жеткізуді» таңдап, жеткізу мекен-жайын көрсету жеткілікті. Қызмет әзірге Алматыда және Нұр-Сұлтанда қолжетімді, бірақ, көп ұзамай басқа қалаларда да іске қосылады.
https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank.
3. Eurasian Bank. Өтінімді сайтта немесе мобильдік қосымшада ресімдеуге болады. Байланыс деректерін енгізгеннен кейін, Сізбен қызметті нақтылау және жеткізу мекен-жайын анықтау үшін менеджер хабарласады. Қызмет Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолжетімді және жақын арада оған басқа қалаларда да қол жеткізуге болады.
https://eubank.kz/cards/
4. Altyn Bank банкінің мобильдік қосымшасы арқылы қарапайым тіркеу рәсімінен кейін Samsung Pay және Apple Pay сервистеріне қосылуға және смартфонның көмегімен төлем жасауға болатын виртуалды картаны ашуға болады. Әлеуметтік жәрдемақыны да осы картаға алуға болады, өйткені, банк шоты тіркеуден кейін бірден тегін ашылады. Жуық арада банк пластикалық карталарды Қазақстанның барлық өңірлерінде нақты жеткізуді жаңғыртады.
https://altyn-i.kz/app.html
5. Банк Хоум Кредит – картаға сайтта тапсырыс беруге болады, содан кейін банк маманы деректерді және жеткізу мекен-жайын нақтылау үшін сізбен хабарласады. Қазіргі уақытта картаны жеткізуге мына қалаларда мүмкіндік бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Семей, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Орал және Петропавл.
https://homecredit.kz/landing/homecard/
6. Сбербанк. Картаға сайтта да, мобильдік қосымшада да тапсырыс беруге болады. Өтінім ресімделгеннен кейін барлық деректерді нақтылау үшін сізге менеджер хабарласады. Курьер жеткізген сәтте сізді және сіздің құжатыңызды суретке түсіреді және бұл деректерді жеке басын растау үшін банкке береді. Алайда, сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалардың қолына түспейтіндігіне банк кепілдік береді. Қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қолжетімді.
https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards
7. Forte Bank. Карта ашуға өтінімді сайтта немесе мобильдік қосымшада қалдыруға болады. Байланыс деректері толтырылғаннан кейін сізге банктен маман хабарласады. Картаны сізге курьерлік қызмет жеткізетін болады. Картаны алған кезде өзіңіздің жеке басыңызды растауыңыз және шартқа қол қоюыңыз қажет болады.
https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309
8. АТФБанк. Картаға сайтта, сондай-ақ АТФ24 мобильдік қосымшада тапсырыс беруге болады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін Сізбен менеджер хабарласады, ол барлық мән-жайды, оның ішінде жеткізу мекен-жайын нақтылайды. Сайт арқылы өтініш берген клиентті идентификаттау жеткізу кезінде жүргізіледі. Карта оны алғаш рет банкоматта қолданғаннан кейін белсенді болады. Алматы қаласы бойынша жеткізу мерзімі 2 күнге жуық, Қазақстан бойынша 10 күнге дейін.
https://www.atfbank.kz/phys/cards
Банк карталарын және басқа да банк өнімдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет: өз картаңыздың деректерін: PIN-код, CVV/CVV2-код, сондай-ақ, өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. Онлайн-сатып алуларды тек тексерілген интернет-дүкендерде жүргізіңіз. Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы идентификаттау орнатыңыз және қаржыны есептен шығаруды SMS немесе интернет банкинг арқылы бақылап отырыңыз.
Карточкалық өнімдерді пайдалану талаптары жөнінде толығырақ қаржы ұйымдарының менеджерлерінен нақтылаңыз.
Ең өзекті ақпарат алу және қаржылық сауаттылығыңызды арттыру үшін Fingramota.kz-пен бірге болыңыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар