Аналардың жәрдемақысы онлайн режимінде рәсімделуде

Елімізде төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантинге сәйкес, ғаламтор арқылы 200-ден астам жүктi аналар декреттiк жәрдемақы, 260-тан астам ана сәбилерін дүниеге әкелгеннен кейінгі күтiм жасау бойынша жәрдемақы алды.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланыс-ты халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылғаннан берi 10 мыңнан астам әйел жүктiлiк және босануына байланысты табысынан айырылу төлемiн, 20 мың отбасы баланың тууына және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне берiлетiн жәрдемақысын онлайн режимде рәсiмдеген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бұрын тек халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлген қызметтер, оның iшiнде жүктiлiкке байланысты жәрдемақы бо-йынша өтiнiштердi порталдағы «Электронды өтiнiштер» сервисi арқылы қабылдау мүмкiндiгiн жасады.
Декреттік демалысқа шыққан жүктi әйелдер egov.kz порталына кіріп, «Электронды өтiнiштер» сервисiн таңдап, жеке құжаты мен жұмыс iстеу қабiлетiнен
айырылу парағының сканерлік көшiрмесiн және төлем аударылуы тиiс банк шотын қоса жолдауы тиiс.
Ал, ендi ғана балалы болған отбасылар үшiн egov.kz порталының «Отба-сы» – «Бала» бөлiмiнде баланың
тууына және оның күтiмiне байланысты жәрдемақыларды рәсiмдеу мүмкiндiгi бар.
Айта кетейiк, порталды пайдалану үшiн электронды сандық қолтаңба болуы шарт. Қазіргі таңда электронды сандық қолтаңбаны порталда қашықтықтан рәсiмдеуге болады. Сондай-ақ, азаматтар базасында тiркеуi бар жас аналар проактив қызметiн пайдалана алады. Бұл арқылы баланың тууын тiркеп, тиiстi жәрдемақыны рәсiмдеп, сәбидi балабақша кезегiне қоюға да мүмкіндік мол.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар